Фото

Көрерменсіз өткен байқау: "Алматы аруы – 2020" жеңімпазы кім – фото

Sputnik

Биыл коронавирус пандемиясына байланысты әдеттегідей өтпеген сұлулық байқауының гранд-финалының қалай ұйымдастырылғанын Sputnik Қазақстан суреттерінен көре аласыз.

"Алматы аруы – 2020" сұлулық байқауының қорытындысы шықты. Қаланың басты сұлуын анықтау үшін қазылар алқасы кеңесу бөлмесінде жарты сағат ақылдасты.

Байқауға қатысуға үш мыңға жуық адам өтінім берген. Оның ішінде 264 бойжеткен келесі кезеңге өтті. Ал ақтық мәреге алты қыз ғана қатысты.

Биыл "Алматы аруы" сұлулық байқауы жиырмасыншы рет өтті. Әдетте үш ай ішінде өтетін байқау коронавирус пандемиясына байланысты биыл тоғыз айға созылған.

"Бастапқыда "Алматы аруы – 2020" байқауына үш мыңнан астам өтінім түсті, бірақ 25 қаңтарда кастингке 673 адам келді. Кастингтің төрт турын өткізуге тура келді. Нәтижесінде 25 адам таңдалды, ал гранд-финалға алты адам өтті", - деді "Алматы аруы – 2020" байқауын ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Совет Сейітов.

"Алматы аруы-2020" байқауының гранд-финалына Юлия Беркович, Салтанат Нұрпейісова, Әсият Исембаева, Александра Розанова, Валерия Сорокотяга, Амира Ысқақ қатысты.

Қазылар алқасының жарты сағат талқылауынан кейін 20 жастағы Әсият Исембаева жеңімпаз атанды. Жеңімпазға тәжді "Алматы аруы – 2019" атанған Диана Әбішева табыстады.

"Байқауға қатысқаныма өте қуаныштымын, мұнда көптеген жаңа дос таптым. Мол тәжірибе жинадым. Өзімді жақсы қырымнан көрсете алатыныма сендім. Бізде барлық қыз өте әдемі әрі талантты, сондықтан соңына дейін кімнің жеңіске жететінін білмедім", - деді Әсият.

Ал онлайн режимде финалистерге дауыс бере алатын интернет қолданушылары қазылар алқасының пікірімен келіспеді. Олар Александра Розанованы жеңімпаз деп таныды. Ол "Халық таңдауы" номинациясын алды.

Сонымен қатар гранд-финалға шыққандардың барлығына "Алматы вице-аруы – 2020" атағы берілді, ал олардың төртеуі "Қазақстан аруы" сұлулық байқауына қатыса алады.

1 / 13
"Алматы аруы – 2020" сұлулық байқауы жеңімпазының тәжі. Биыл байқау жиырмасыншы рет өткізілді.
2 / 13
Байқаудың кастингі 25 қаңтарда қалыпты режимде өтті. Кастингке 673 адам қатысты. Кейінгі кезеңдер коронавирус пандемиясына байланысты онлайн режимде өтті. Марапаттау рәсіміне қазылар алқасы мен журналистер ғана келді.
3 / 13
"Алматы аруы – 2020" гранд-финалының қатысушылары өткен жылдың жеңімпазы Диана Әбішевамен бірге. Фотода оңнан солға қарай: Валерия Сорокотяга, Юлия Беркович, Амира Скак, Диана Әбішева, Әсият Исембаева, Александра Розанова, Салтанат Нұрпейісова.
4 / 13
Александра Розанова - Қазақ-неміс университетінің төртінші курс студенті. Қазақ, неміс және ағылшын тілдерін оқиды. Мәнерлеп сырғанаумен, жүзумен және шаңғы тебумен айналысады.
5 / 13
Юлия Беркович – Шымкенттің тумасы, Санкт-Петербургте университет бітіріп, Алматыға келген. Қаладағы зергерлік үйдің бірінде жұмыс істейді.
6 / 13
Салтанат Нұрпейісова – "Тұран" университетінің "мейрамхана және қонақ үй бизнесі" мамандығының үшінші курс студенті. Психология және көркемөнермен әуестенеді.
7 / 13
Амира Ысқақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша төртінші курста оқиды. Бұрын кәсіби спортшы болған. Жағажай волейболынан Қазақстан жастар құрамасында ойнады.
8 / 13
Валерия Сорокотяга – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "ақпараттық қауіпсіздік жүйелері" мамандығы бойынша екінші курс студенті. Оқудан бос уақытында кітап оқығанды ұнатады, теннис ойнайды, сериалдар көреді.
9 / 13
Әсият Исембаева – Мәскеу халықаралық университетінің журналистика факультетінің студенті. Кітап оқығанды ұнатады және өз кітабын шығаруды армандайды.
10 / 13
Александра Розанова "Алматы аруы – 2020" байқауының "Халық таңдауы" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Дауыс беру он күнге созылды, 26 қарашада аяқталды. Дауыс беруге барлығы 26 мың адам қатысты.
11 / 13
20 жастағы Әсият Исембаева байқаудың жеңімпазы атанды. Айтуынша, байқау ол үшін үлкен сынақ болды. Қаңтарда өткен кастингте 700-ге тарта адамның соңғы ондығына кірген.
12 / 13
"Көптеген жаңа дос таптым. Мол тәжірибе жинадым. Өзімді жақсы қырымнан көрсете алатыныма сендім. Бізде барлық қыз өте әдемі әрі талантты, сондықтан соңына дейін кімнің жеңіске жететінін білмедім", - деді Әсият марапаттаудан кейін.
13 / 13
"Алматы аруы – 2020" сұлулық байқауының гранд-финалындағы қалған бес қатысушыға "Алматы вице-аруы – 2020" атағы берілді. Олардың үшеуі Әсият Исембаевамен бірге "Қазақстан аруы" сұлулық байқауына қатысады.