Қазан қаласының жас ветеринарлары кәдімгі пәтерде жабайы құстар үшін емдеу орталығын ашты. Жуырда қыз-жігіттер бүкілресейлік жастар жобалары байқауында жеңіске жетіп, мемлекеттік грант ұтып алған еді.
Ветеринар студенттер ақшаны жылдам игерді. Қазандағы өз пәтерлерін қайта жасақтап, арнайы құрал-жабдық пен жем-азық сатып алды. Қанаттылар оңалту орталығына Ресейдің түкпір-түкпірінен түсуде. Жастар емделген құсты бостандыққа жібереді немесе хайуанаттар бағына береді.
Қазір орталық бір мезетте 10 құсқа дейін қабылдай алады. Көршілер пәтерде емдеу орталығының ашылғанына түсіністікпен қарайды.