Видео

Студенттер пәтерде құстарға арналған аурухана ашты – видео

Жазылу
Студенттер грант ұтып алып, кәдімгі пәтерде ветеринарлық клиника ашты. Жастардың тың бастамасы қалай жүзеге асқанын видеодан көріңіз

Қазан қаласының жас ветеринарлары кәдімгі пәтерде жабайы құстар үшін емдеу орталығын ашты. Жуырда қыз-жігіттер бүкілресейлік жастар жобалары байқауында жеңіске жетіп, мемлекеттік грант ұтып алған еді.

Ветеринар студенттер ақшаны жылдам игерді. Қазандағы өз пәтерлерін қайта жасақтап, арнайы құрал-жабдық пен жем-азық сатып алды. Қанаттылар оңалту орталығына Ресейдің түкпір-түкпірінен түсуде. Жастар емделген құсты бостандыққа жібереді немесе хайуанаттар бағына береді.

Қазір орталық бір мезетте 10 құсқа дейін қабылдай алады. Көршілер пәтерде емдеу орталығының ашылғанына түсіністікпен қарайды.

Жаңалықтар
0