Экономика

Досаев Тоқаевқа зейнетақы активтерінің жағдайы туралы есеп берді

Кездесу барысында 2025 жылға дейін ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы да айтылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Досаев президентке биылғы 11 айдағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары, әлемдік қаржы нарықтарының қазіргі ахуалы мен оларды қалпына келтірудің перспективалары туралы баяндады.

Сондай-ақ, 2025 жылға дейінгі ұлттық төлем жүйесін дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы айтылды.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар кредитті көп ала бастады

Тоқаевқа зейнетақы активтерінің жағдайы туралы есеп беріліп, мемлекеттік қарызды басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар, Досаев мемлекет басшысына орта мерзімді кезеңде Ұлттық банкті және қаржы секторын цифрландырудың негізгі бағыттары туралы ақпарат берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында Ерболат Досаевқа бірқатар нақты тапсырма берді.