Экономика

Қазақстандықтар кредитті көп ала бастады

© Sputnik / Абзал Калиев Портмоне с деньгами
 Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру есебінен ипотекалық қарыз 3,6%-ке артып, 2,1 триллион теңге болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Қыркүйек айында қазақстандықтардың кредиті 2,0%-ке ұлғайып, 7 триллион теңгеге дейін жетті. Бұл туралы ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, қыркүйекте экономикаға берілетін кредиттер 1,1%-ке өсіп, айдың соңында 14,3 триллион теңгеге жетті. Соның ішінде ұзақ мерзімді кредиттер 1,3%-ке, 12,4 триллион теңгеге дейін ұлғайған. Ал қысқа мерзімді несиелер 0,2%-ке, 2,0 триллион теңгеге дейін азайды. 

"Қыркүйекте халықтың кредиттері 2,0%-ке, 7,0 триллион теңгеге дейін ұлғайды. Олардың құрылымында тұтынушылық қарыз 1,3%-ке өсіп, 4,2 триллион теңгеге жетсе, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру есебінен ипотекалық қарыз 3,6%-ке артып, 2,1 триллион теңге болды", - деді Досаев үкімет отырысында.

Сондай-ақ, банк жүйесіндегі депозиттер бір айда 3,3%-ке ұлғайып, қыркүйектің соңында 21,4 триллион теңге болды.

Оқи отырыңыз: Досаев алтын-валюта резервтері неге төмендегенін түсіндірді

Теңгедегі салымдар қыркүйекте 2,2%-ке, 12,6 триллион теңгеге дейін, валюталық салымдар 5,1%-ке өсті.

Нәтижесінде, Досаевтың айтуынша, депозиттерді долларландыру деңгейі 2020 жылдың қыркүйегінде 40,9% шамасында қалыптасты.

Жаңалықтар
0