Фото

"Әлемдегі ең сексуалды ер азамат - 2020" тізімі жарияланды – фото

Sputnik

Бұл тізімге сыртқы формасын сақтаған, бет-әлпеті де келіскен ер адамдар кірді. Сонымен қатар барлығы ақыл-ойы, тартымдылығы және талантымен ерекшеленеді.

Америкалық People журналы мұндай рейтингті жыл сайын жасайды. Бұл жолы тізімге актерлер, жүргізушілер, музыканттар мен журналистер кірді.

"Әлемдегі ең сексуалды ер азамат - 2020" ондығына Дуэйн Джонсон мен Брэд Питт тағы да кіріп отыр. Ал рейтингті Майкл Джордан бастап тұр.

Толық тізімді фотолентадан көріңіз.

1 / 10
Актер Майкл Бакари Джордан People нұсқасы бойынша 2020 жылдың ең сексуалды ерлер рейтингін бастап тұр. Ол "Қара пантера" ("Черная пантера") фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады.
2 / 10
"Фантастикалық төрттік" ("Фантастическая четверка") фильмінде ойнаған актер Крис Эванс рейтингте екінші орынға жайғасты. Актер Marvel фильмдерінде Капитан Американың рөлін сомдап, бүкіл әлемге танылды.
3 / 10
Тізімде француз актері, модель Лукас Браво да бар. Ол "Париждегі Эмили" романтикалық комедиясында басты рөлді сомдап жүр.
4 / 10
Актер әрі музыкант Дуэйн Джонсон "Малибу құтқарушылары" фильмінде басты рөлді сомдады. Әртіс жыл сайын "Ең сексуалды ер азамат" тізімінде жүреді. 2018 жылдың тамызында Джонсон Forbes журналының мәліметі бойынша жылдың ең көп ақша төленетін актерлерінің рейтингінде екінші орынға тқрақтады. Ол бір жыл ішінде 124 миллион доллар тапқан.
5 / 10
Үздік бестікке ирландиялық актер Пол Мескаль да енді. Пол Мескаль – футбол командасының жұлдызы мен оның ұялшақ құрбысының алғашқы махаббаты туралы "Қалыпты адамдар" ("Нормальные люди") драмалық сериалының жұлдызы.
6 / 10
Колумбиялық әнші Малума реггетон жанрында ән салады. Оның El Perdedor әні YouTube платформасында миллиардтан астам қаралым жинаған. Ол осы рейтингтегі жалғыз музыкант.
7 / 10
Чили-америкалық актер Педро Паскаль "Тақтар ойыны" фильмінде ханзада Обериан Мартелланың (Oberyn Martell) рөлін ойнап, әлемге танымал болды.
8 / 10
Ең сексуалды жүргізушінің бірі – Оскар сыйлығын табыстау рәсімін жүргізген Крис Рок. Америкалық актер, әзілкеш және телепродюсер Крис Рок мансабын стендап жанрында өнер көрсетіп бастады. Оның еңбегін Эдди Мерфи байқап, теледидар экранынан шығуға көмектескен.
9 / 10
Әйелдердің сүйіктісі америкалық әзілкеш, актер және сценарист Пол Радд да ондыққа кірді. Актер Marvel-дің "Құмырсқа адам" фильмінде Скотт Лэнгтің рөлін сомдады.
10 / 10
Ең сексуалды ер азаматтар ондығына америкалық футбол ойыншысы, кино және телевизия актері Джон Дэвид Вашингтон енді. Ол 28 жасында жарақат алып, спорттан кетуге мәжбүр болған. 2018 жылы "Black Klansman" фильмінде ойнаған. Осы рөлі үшін "Алтын глобус" және АҚШ актерлерінің Гильдия сыйлығына ұсынылды.