Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

"Әлемдегі ең сексуалды ер азамат - 2020" тізімі жарияланды – фото

Жазылу
People журналы осы жылдың ең сексуалды ер адамдарының тізімін жариялады. Бұл рейтингке кім енгенін Sputnik фотолентасынан көріңіз

Бұл тізімге сыртқы формасын сақтаған, бет-әлпеті де келіскен ер адамдар кірді. Сонымен қатар барлығы ақыл-ойы, тартымдылығы және талантымен ерекшеленеді.

Америкалық People журналы мұндай рейтингті жыл сайын жасайды. Бұл жолы тізімге актерлер, жүргізушілер, музыканттар мен журналистер кірді.

"Әлемдегі ең сексуалды ер азамат - 2020" ондығына Дуэйн Джонсон мен Брэд Питт тағы да кіріп отыр. Ал рейтингті Майкл Джордан бастап тұр.

Толық тізімді фотолентадан көріңіз.

© Photo : Marvel Studios Inc. 2018 Актер Майкл Бакари Джордан People нұсқасы бойынша 2020 жылдың ең сексуалды ерлер рейтингін бастап тұр. Ол "Қара пантера" ("Черная пантера") фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады.
Актер Майкл Бакари Джордан в фильме Черная Пантера - Sputnik Қазақстан
1/10
Актер Майкл Бакари Джордан People нұсқасы бойынша 2020 жылдың ең сексуалды ерлер рейтингін бастап тұр. Ол "Қара пантера" ("Черная пантера") фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады.
© Photo : 20th Century Fox Film Corporation 2005 "Фантастикалық төрттік" ("Фантастическая четверка") фильмінде ойнаған актер Крис Эванс рейтингте екінші орынға жайғасты. Актер Marvel фильмдерінде Капитан Американың рөлін сомдап, бүкіл әлемге танылды.
Актер Крис Эванс в фильме Фантастическая четверка - Sputnik Қазақстан
2/10
"Фантастикалық төрттік" ("Фантастическая четверка") фильмінде ойнаған актер Крис Эванс рейтингте екінші орынға жайғасты. Актер Marvel фильмдерінде Капитан Американың рөлін сомдап, бүкіл әлемге танылды.
© Photo : Jax Media 2020Тізімде француз актері, модель Лукас Браво да бар. Ол "Париждегі Эмили" романтикалық комедиясында басты рөлді сомдап жүр.
Актер Лукас Браво в фильме Эмили в Париже - Sputnik Қазақстан
3/10
Тізімде француз актері, модель Лукас Браво да бар. Ол "Париждегі Эмили" романтикалық комедиясында басты рөлді сомдап жүр.
© Photo : 7 Bucks Productions 2017Актер әрі музыкант Дуэйн Джонсон "Малибу құтқарушылары" фильмінде басты рөлді сомдады. Әртіс жыл сайын "Ең сексуалды ер азамат" тізімінде жүреді. 2018 жылдың тамызында Джонсон Forbes журналының мәліметі бойынша жылдың ең көп ақша төленетін актерлерінің рейтингінде екінші орынға тқрақтады. Ол бір жыл ішінде 124 миллион доллар тапқан.
Актер Дуэйн Джонсон в фильме Спасатели Малибу - Sputnik Қазақстан
4/10
Актер әрі музыкант Дуэйн Джонсон "Малибу құтқарушылары" фильмінде басты рөлді сомдады. Әртіс жыл сайын "Ең сексуалды ер азамат" тізімінде жүреді. 2018 жылдың тамызында Джонсон Forbes журналының мәліметі бойынша жылдың ең көп ақша төленетін актерлерінің рейтингінде екінші орынға тқрақтады. Ол бір жыл ішінде 124 миллион доллар тапқан.
© Photo : Element Pictures 2020Үздік бестікке ирландиялық актер Пол Мескаль да енді. Пол Мескаль – футбол командасының жұлдызы мен оның ұялшақ құрбысының алғашқы махаббаты туралы "Қалыпты адамдар" ("Нормальные люди") драмалық сериалының жұлдызы.
Актер Пол Мескаль в фильме Нормальные люди - Sputnik Қазақстан
5/10
Үздік бестікке ирландиялық актер Пол Мескаль да енді. Пол Мескаль – футбол командасының жұлдызы мен оның ұялшақ құрбысының алғашқы махаббаты туралы "Қалыпты адамдар" ("Нормальные люди") драмалық сериалының жұлдызы.
© AP Photo / Chris Pizzello / InvisionКолумбиялық әнші Малума реггетон жанрында ән салады. Оның El Perdedor әні YouTube платформасында миллиардтан астам қаралым жинаған. Ол осы рейтингтегі жалғыз музыкант.
Колумбийский певец Малума на церемонии MTV Video Music Awards - Sputnik Қазақстан
6/10
Колумбиялық әнші Малума реггетон жанрында ән салады. Оның El Perdedor әні YouTube платформасында миллиардтан астам қаралым жинаған. Ол осы рейтингтегі жалғыз музыкант.
© Photo : HBO 2011-2019 Чили-америкалық актер Педро Паскаль "Тақтар ойыны" фильмінде ханзада Обериан Мартелланың (Oberyn Martell) рөлін ойнап, әлемге танымал болды.
Актер Педро Паскаль в сериале Игра престолов - Sputnik Қазақстан
7/10
Чили-америкалық актер Педро Паскаль "Тақтар ойыны" фильмінде ханзада Обериан Мартелланың (Oberyn Martell) рөлін ойнап, әлемге танымал болды.
© AFP 2024 / Kevin Winter / Getty ImagesЕң сексуалды жүргізушінің бірі – Оскар сыйлығын табыстау рәсімін жүргізген Крис Рок. Америкалық актер, әзілкеш және телепродюсер Крис Рок мансабын стендап жанрында өнер көрсетіп бастады. Оның еңбегін Эдди Мерфи байқап, теледидар экранынан шығуға көмектескен.
Ведущий Крис Рок на церемонии вручения премии Оскар - Sputnik Қазақстан
8/10
Ең сексуалды жүргізушінің бірі – Оскар сыйлығын табыстау рәсімін жүргізген Крис Рок. Америкалық актер, әзілкеш және телепродюсер Крис Рок мансабын стендап жанрында өнер көрсетіп бастады. Оның еңбегін Эдди Мерфи байқап, теледидар экранынан шығуға көмектескен.
© Photo : Marvel Studios Inc. 2015 Әйелдердің сүйіктісі америкалық әзілкеш, актер және сценарист Пол Радд да ондыққа кірді. Актер Marvel-дің "Құмырсқа адам" фильмінде Скотт Лэнгтің рөлін сомдады.
Актер Пол Радд в фильме Человек-муравей - Sputnik Қазақстан
9/10
Әйелдердің сүйіктісі америкалық әзілкеш, актер және сценарист Пол Радд да ондыққа кірді. Актер Marvel-дің "Құмырсқа адам" фильмінде Скотт Лэнгтің рөлін сомдады.
© AFP 2024 / Valery HacheЕң сексуалды ер азаматтар ондығына америкалық футбол ойыншысы, кино және телевизия актері Джон Дэвид Вашингтон енді. Ол 28 жасында жарақат алып, спорттан кетуге мәжбүр болған. 2018 жылы "Black Klansman" фильмінде ойнаған. Осы рөлі үшін "Алтын глобус" және АҚШ актерлерінің Гильдия сыйлығына ұсынылды.
Американский актер Джон Дэвид Вашингтон на Каннском кинофестивале  - Sputnik Қазақстан
10/10
Ең сексуалды ер азаматтар ондығына америкалық футбол ойыншысы, кино және телевизия актері Джон Дэвид Вашингтон енді. Ол 28 жасында жарақат алып, спорттан кетуге мәжбүр болған. 2018 жылы "Black Klansman" фильмінде ойнаған. Осы рөлі үшін "Алтын глобус" және АҚШ актерлерінің Гильдия сыйлығына ұсынылды.
Жаңалықтар
0