Спорт

Данияр Елеусінов қарсыласын нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеу жеңіп алды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы намибиялық бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгоны техникалық нокаутпен жеңді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов жартылай орта салмақта IBF Intercontinental белбеуін жеңіп алды.

Елеусінов кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегін өткізді. Ол карьерасында алғаш рет белбеу үшін жұдырықтасуға мүмкіндік алды.

Оқи отырыңыз: Дәурен Елеусінов Мексикадағы жекпе-жегі болмайтынын рингке шығар алдында бір-ақ білді  

Елеусінов пен Индонго Голливудтағы кәсіпқой бокс кешінің андеркартында жұдырықтасты, кездесу он раундқа жоспарланды. Кештің басты жекпе-жегі Головкиннің бұрынғы екі қарсыласы – Даниэл Джейкобс пен Габриэль Росадоның кездесуі болмақ. Айта кетейік, Головкин Елеусінов-Индонго жекпе-жегін тамашалады.

Елеусінов бірінші раундта-ақ қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші раундта Индонго екінші рет нокдаун алып, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Қазақ боксшысы кәсіпқой бокста бірде-бір рет жеңілмеген. Ал Индонго үшін бұл үшінші жеңіліс болды.