Спорт

Елеусінов Мексикадағы жекпе-жегі болмайтынын рингке шығар алдында бір-ақ білді

© Sputnik / Владислав ВодневТренировка сборной по боксу
Тренировка сборной по боксу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық боксшының WBC титулы үшін  жекпе-жегі кейінге қалдырылды, ол басқа қалада өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 16 тамыз — Sputnik. Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусіновтің Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) титулы үшін өтетін жекпе-жегі кейінге қалдырылғаны бокс кеші басталып кеткенде бір-ақ белгілі болды.

Дәурен Елеусіновтің (8-0-1, 7 КО) боксшы Хуан Карлос Райгосамен (16-15-3, 6 КО) жекпе-жегі Мексикада 16 тамызға қараған түні өтуі тиіс еді, деп хабарлайды Sports.kz. Бір қызығы, қазақстандық боксшы жекпе-жектің болмайтынын бокс кеші басталып кеткенде бір-ақ білген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dauren (@daurenyeleussinov)

Турнир өтіп жатқан Гвадалахара қаласы COVID-19 жұқтыру бойынша "қызыл" аймақта орналасқандықтан билік алаңдаушылық танытып, осындай шешім қабылдаған.

Мексика билігі осы турнир аясындағы басқа жекпе-жектер жоспарланған уақытта өтетінін хабарлады.

Елеусінов пен Райгосаның титулды жекпе-жегі бір аптадан кейін Мехико қаласында өтетін болды.

"Құрметті қазақстандықтар,жергілікті көрермендердің шектен тыс жиналуына орай Гвадалахара әкімшілігі коронавирусқа байланысты жекпе-жекті келесі аптаға ауыстырды", - деп жазды Елеусінов желідегі парақшасында.

Айта кетсек, 34 жастағы Елеусіновтің алдағы кездесуі Мексикадағы екінші жекпе-жегі. Алғашқысы 2019 жылдың ақпанында өткен еді. Боксшы 2014 жылдың желтоқсанында кәсіпқой боксқа келді, тоғыз жекпе-жектің сегізін АҚШ-та өткізді.

Жаңалықтар
0