Фото

Әлемдегі ең биік лифт – таңғажайып суреттер

Sputnik

Байлун лифті – Қытайдағы ең танымал жерлердің бірі. Бұл әлемдегі ең биік лифт және Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Лифт құрылысы 1999 жылы басталған. Ол санаулы жыл ішінде салынып, 2002 жылы пайдалануға берілді.

Бұл заманауи ғажайып техника үш шыны кабинамен жабдықталған. Оның әрқайсысы елуге жуық жолаушыны сыйдырып, бір минут ішінде жоғары немесе төмен тасымалдайды.

Тік жартасты әрі өте қауіпті соқпақпен үш сағат бойы жаяу көтерілудің орнына, осы лифтті пайдаланған туристер діттеген жеріне бар-жоғы 60 секундта жетеді.

Оқи отырыңыз: Қоңыр күзбен қоштасу: алматылықтардың сүйікті демалыс орындары – фото

Осындай таңғажайып мүмкіндікке ие лифт Чжанцзяцзе ұлттық саябағының Улинъюанъ аймағында орналасқан. Туристер мұнымен 330 метр биіктікке көтеріледі. Ол жерден таудың жартасты баурайындағы аңғардың таңғажайып көріністерін тамашалауға болады.

Дәл осы жердің керемет пейзажынан шабыт алған Джеймс Кэмерон "Аватар" фильмінің кейбір эпизодтарын түсірді.

1 / 12
Қытайдың Хунань провинциясының Чжанцзяцзе ұлттық паркіндегі "Жүз айдаһар лифті" деген қорқынышты атауға ие әлемдегі ең биік лифт.
2 / 12
Байлун лифтінің құрылысы 1999 жылы басталып, 2002 жылы пайдалануға берілді.
3 / 12
Байлун – Гиннестің рекордтар кітабына бірнеше рет енген әлемдегі ең биік лифт. Суретте: Байлунге баратын дәліз жанындағы тақырыптық пошта бөлімшесінде тұрған Аватар мүсіні.
4 / 12
Лифт сейсмикалық белгі беру құрылғыларымен жабдықталған. Ол іске қосылған кезде адамдар тез арада эвакуацияланып, төмен түсіріледі. Суретте: Байлун лифтінің жанында тұрған бетперде таққан турист.
5 / 12
Кейде осы керемет лифтке міну үшін туристер төрт сағатқа дейін кезекте тұрады. Туристер Байлун лифтін суретке түсіріп жатқан сәт.
6 / 12
Байлун лифті туристерді Чжанцзяцзе ұлттық саябағындағы тау басында орналасқан бақылау алаңына дейін 330 метр биіктікке көтереді.
7 / 12
Чжанцзяцзе ұлттық паркінде орналасқан Байлун лифтінің жанындағы алаңда жүрген маймылдар.
8 / 12
Лифт екі қабатты үш кабинадан тұрады және ол 3 750 килограмм жүкті көтереді.
9 / 12
Бір кабина бір мезетте 50-ге жуық жолаушыны жоғары көтеріп, төмен түсіре алады.
10 / 12
"Жүз айдаһар лифті" жүк көтергіштігі жағынан әлемдегі ең үлкен әрі ең жылдам жолаушылар лифті. Сондай-ақ, ең биік ашық экспозициялық лифт. Суретте: фотограф қыз Байлун лифтіне келетін туристерді күтіп тұр.
11 / 12
Лифт үш сағаттық жаяу жүрістің орнына туристерді бір минуттың ішінде кварцитті бағаналары бар аңғар көрінетін тау басына шығарады.
12 / 12
Мұнда канадалық режиссер Джеймс Кэмерон өзінің "Аватар" фильмін түсірді.