Байлун лифті – Қытайдағы ең танымал жерлердің бірі. Бұл әлемдегі ең биік лифт және Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Лифт құрылысы 1999 жылы басталған. Ол санаулы жыл ішінде салынып, 2002 жылы пайдалануға берілді.
Бұл заманауи ғажайып техника үш шыны кабинамен жабдықталған. Оның әрқайсысы елуге жуық жолаушыны сыйдырып, бір минут ішінде жоғары немесе төмен тасымалдайды.
Тік жартасты әрі өте қауіпті соқпақпен үш сағат бойы жаяу көтерілудің орнына, осы лифтті пайдаланған туристер діттеген жеріне бар-жоғы 60 секундта жетеді.
Оқи отырыңыз: Қоңыр күзбен қоштасу: алматылықтардың сүйікті демалыс орындары – фото
Осындай таңғажайып мүмкіндікке ие лифт Чжанцзяцзе ұлттық саябағының Улинъюанъ аймағында орналасқан. Туристер мұнымен 330 метр биіктікке көтеріледі. Ол жерден таудың жартасты баурайындағы аңғардың таңғажайып көріністерін тамашалауға болады.
Дәл осы жердің керемет пейзажынан шабыт алған Джеймс Кэмерон "Аватар" фильмінің кейбір эпизодтарын түсірді.











