Қоғам

Қазақстанда қыркүйектен бері 165 мектеп карантинге жабылды

Коронавирус анықталған жағдайда білім ошағы кемінде 14 күнге карантинге жабылады, деп атап өтті Айжан Есмағамбетова
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Оқу жылы басталғалы бері республикада 165 мектеп карантинге жабылды. Бұл туралы ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бірінші қыркүйектен бері 165 мектеп жабылды. Қазіргі таңда 66 мектеп карантинде. Мектепті карантинге жабудың ең аз инкубациялық кезеңі 14 күнді құрайды. Яғни, білім ошағы кемінде 14 күнге карантинге жабылады. Егер бір сыныпта бірнеше оқушы вирус жұқтырса, онда инкубациялық кезең соңғы тіркелген жағдайдан бастап саналады", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оқи отрыңыз: Вице-министр коронавирус жұқтырған жүкті әйелдер туралы айтты 

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  оқу жылы басталғалы бері 1741 оқушы коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Соңғы аптада 12 өңірде кезекші сыныптарға барып жүрген 129 бала індетке шалдыққан.