Қоғам

Назарбаев елордада қазақ драма театрының жаңа ғимаратын ашты

Елбасы астана көшкелі қалада қазақ драма театрына жаңа зәулім ғимарат салып беруді ойластырғанын атап өтті
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды, деп хабарлады Elbasy.kz сайты.

Елбасы елорданың жаңа мәдени нысанымен танысып, театрдың шығармашылық ұжымымен кездесті.

Назарбаев елордада қазақ драма театрының жаңа ғимаратын ашты

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев астана көшкелі қалада қазақ драма театрына жаңа зәулім ғимарат салып беруді ойластырғанын атап өтті.

Абайдың 175 жылдығы: Тоқаев пен Назарбаев ресми шараға бірге келді

"Баршаңызға шығармашылық жетістік пен табыс тілеймін. Бүгіннен бастап біз театрды ашық деп жариялаймыз. Оның құрылысына "Самұрық-Қазына" компаниясы арнайы қаражат бөлді. Мұнда барлық жағдай жасалған. Көрермендердің осы театрға қуана келетініне сенімдімін", – деді Қазақстанның тұңғыш президенті.

Назарбаев елордада қазақ драма театрының жаңа ғимаратын ашты

Театрдың жаңа ғимараты Елбасының бастамасымен бой көтерді. Ғимараттың жалпы ауданы 22 мың шаршы метрден асады. Мұнда 635 орындық үлкен зал, 202 орындық камералық зал, арт-галерея, мейрамхана, салтанатты кездесулер залы орналасқан.