Қоғам

Назарбаев елордада қазақ драма театрының жаңа ғимаратын ашты

© Photo : Официальный сайт первого президента Казахстана Нурсултан Назарбаев посетил Государственный академический казахский музыкально-драматический театр имени К.Куанышбаева
Нурсултан Назарбаев посетил Государственный академический казахский музыкально-драматический театр имени К.Куанышбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы астана көшкелі қалада қазақ драма театрына жаңа зәулім ғимарат салып беруді ойластырғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды, деп хабарлады Elbasy.kz сайты.

Елбасы елорданың жаңа мәдени нысанымен танысып, театрдың шығармашылық ұжымымен кездесті.

© Photo : Официальный сайт первого президента Казахстана Нұрсұлтан Назарбаев Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды
Назарбаев елордада қазақ драма театрының жаңа ғимаратын ашты - Sputnik Қазақстан
Нұрсұлтан Назарбаев Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев астана көшкелі қалада қазақ драма театрына жаңа зәулім ғимарат салып беруді ойластырғанын атап өтті.

Абайдың 175 жылдығы: Тоқаев пен Назарбаев ресми шараға бірге келді

"Баршаңызға шығармашылық жетістік пен табыс тілеймін. Бүгіннен бастап біз театрды ашық деп жариялаймыз. Оның құрылысына "Самұрық-Қазына" компаниясы арнайы қаражат бөлді. Мұнда барлық жағдай жасалған. Көрермендердің осы театрға қуана келетініне сенімдімін", – деді Қазақстанның тұңғыш президенті.

© Photo : Официальный сайт первого президента Казахстана Нұрсұлтан Назарбаев Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды
Назарбаев елордада қазақ драма театрының жаңа ғимаратын ашты - Sputnik Қазақстан
Нұрсұлтан Назарбаев Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды

Театрдың жаңа ғимараты Елбасының бастамасымен бой көтерді. Ғимараттың жалпы ауданы 22 мың шаршы метрден асады. Мұнда 635 орындық үлкен зал, 202 орындық камералық зал, арт-галерея, мейрамхана, салтанатты кездесулер залы орналасқан.

Жаңалықтар
0