Қоғам

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық жүк жіберді

Жолға шыққан жүк көліктеріне жасанды тыныс алдыру аппараттары мен Қазақстанда жасалған маскалар тиелген
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қырғызстанға 389 миллион теңге немесе 916 мың доллардың гуманитарлық жүгін жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақордадағы кездесу: Қырғыз министрінің Қазақстанға не үшін келгені белгілі болды
"Қырғыз Республикасына жүк көлігімен "Көкшетау-4П" жасанды тыныс алдыру мобильді аппараттарының 400 жинағы мен Қазақстан кәсіпорындарда өндірілген 2 миллион медициналық маска жөнелтілді", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.   

Жіберілген гуманитарлық жүктің жалпы құны 390 миллион теңгеге жуықтайды, атап айтқанда "Тыныс" АҚ шығарған "Көкшетау-4П" аппараттарының құны 328 миллион теңгеге, "Dolce pharm" ЖШС және "Mega pharm" ЖШС шығарған медициналық маскалардың құны 61 миллион теңгеге бағаланды.

Оқи отырыңыз: Қырғызстан президенті Тоқаевқа алғыс білдірді 

Жүк мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын және Қазақстан үкіметінің қаулысын орындау аясында жөнелтілді.