НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қырғызстанның мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбековтан жеделхат келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
Қырғызстан президенті гуманитарлық көмек үшін алғыс білдірген.
"Осынау қиын-қыстау кезеңде бауырлас қазақ елінің көрсеткен қолдауын, сондай-ақ, Орталық Азиядағы пандемиямен күреске Қазақстан тарапының қосқан үлесі мен күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Екі ел арасындағы достық, тату көршілік, одақтастық және стратегиялық әріптестік алдағы уақытта да өзара түсіністік негізде дами береді деп сенемін", – делінген жеделхатта.
Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, мемлекеттік қызметіне игілік, ал, бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен табыс тіледі.
Айта кетейік, 29 сәуірде Қазақстаннан көрші Қырғызстанға 800 тонна ұн гуманитарлық көмек ретінде жіберілді.
Оқи отырыңыз: Қырғызстанда милиция 100-ге жуық адамды не үшін ұстады - видео