Оңтүстікке бет алған құстар әдеттегідей жергілікті су айдынына аялдады.
Мамандардың пікірінше, қоқиқаз Теңіз және Қорғалжын көлдерінен ұшып келген, ал күн суытқан соң олар Түрікменстандағы Хазар қорығына, одан әрі Иранға барады.
Қаракөл қолдан жасалған. Су қоймасы теңізге қосылған, ал суы басқа көлдерге қарағанда жылы. Адамдар жасаған көл жемшөп қоры мол алқапқа айналды. Енді көлге жыл құстары тоқтап, демалу үшін аялдайды. Олардың кейбіреулері қыстауға қалады.
"Ақжайық" резерватында құс қырылып жатыр
Бір жыл ішінде жыл құстарының 80-нен астам түрі Қаракөл көліне тоқтайды. Оның ішінде 21 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Мұнда аққу, қоқиқаз, байғұтан, үйрек тіршілік етеді. Аққұйрық субүркіт, ақиық субүркіт, сұңқылдақ аққу және кіші аққу сияқты қстардың сирек кездесетін түрлері де бар.
Қаракөл мемлекет қорғауына алынған. Су қоймасы ерекше қорғалатын "Республикалық маңызы бар Қарақия-Қаракөл мемлекеттік зоологиялық қаумалы" табиғи аумағының құрамына енді.