Өңірлер

"Ақжайық" резерватында құс қырылып жатыр

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуБаклан
Баклан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Экология департаментінің мамандары резерваттан зертханалық талдау үшін су, топырақ және ауа сынамаларын алды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Атырау облысындағы "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватында құс жаппай қырылып жатыр.

4 қарашада резерват қызметкерлері 16 құстың – 11 суқұзғын мен 5 шағаланың өлексесін тапты. Келесі күні мониторинг кезеңінде тағы 20 суқұзғынның өлексесі табылды, депжазды Ақ Жайық газеті.

"Жүздеген жылқы қырылды": Қызылорда облысында тараған аурудың себебі анықталды

Аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының өкілі Мереке Шалқаровтың хабарлауынша, 6 қазанда резерваттан 6 өлі суқұзғын табылған, ал 7 қарашада тағы 7 құстың өлексесі табылыпты.

Құс неден өлуі мүмкін?

Шалқаровтың айтуынша, құстың қырылу себебі анықталып жатыр. Биоматериалдар алынып, Нұр-Сұлтандағы "Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа" жіберілген.

"Экология департаментінің мамандары резерваттан зертханалық талдау үшін су, топырақ және ауа сынамаларын алды. Нәтижесін күтеміз. Қазір резерват қызметкерлері өлген құстарды өртеп жатыр", - дейді ол.

Инспектор резерватта құс алғаш рет қырылып жатқанын атап өтті. Облыс бойынша күнделікті мониторинг жасау басталды.

"Қызметкерлеріміз барлық ауданды аралап, жабайы құстар мен жануарларға қатысты ақпарат жинайды, - деп түйіндеді Мереке Шалқаров.  

Еске сала кетейік, 2013 жылы "Ақжайық" мемлекеттік табиғи қорығының акваториясына кіретін Шалыға аралында шағала жаппай қырылды. Ол кезде 1250 құс өлі табылды.

Жаңалықтар
0