"Буран" ғарыш кемесінің иесі табылды: ендігі тағдыры қалай болады

Бұған дейін Дәурен Мұса бұл кешен жеке адамға емес, "Байқоңыр" ракеталық-ғарыштық компаниясы" АҚ-ға тиесілі деп айтқан болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. "Роскосмостың" басшысы Дмитрий Рогозин "Буран" ғарыштық кемесіне иелік етіп отырған "Байқоңыр" РҒК" АҚ басшысы Дәурен Мұсаға жауап берді. Ол ресейлік ғарыш ұйымының өкілдері қазақстандықпен байланысатындығын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жауап жазғаныңа рақмет, Мұса. Негізінен, мұндай бірегей заттарды сақтау шарттары дабыл көтеретіндей. Егер қарсы болмасаңыз, "Роскосмостың" өкілдері осы машиналардың алдағы тағдырын талқылау үшін сізбен кездесуге дайын", – деп жазды Рогозин Twitter-де.

Ал бұған дейін Дәурен Мұса аталған кеме жеке адамға емес, "Байқоңыр" РҒК-ге тиесілі деп айтқан болатын.

"Құрметті Дмитрий Олегович (Рогозин), "Буран 1.02" мен ПМ "OK-MT 0.07" ғарыштық аппараттары жеке адамға емес, "Байқоңыр" РҒК" АҚ-ға тиесілі. Біз ғарыштық компаниямыз бен осы зымырандарды сақтап қалу үшін көп ресурстар жұмсаймыз. Бұл біздің ортақ тарихымыз", – деп жазды ол.

"Буран" ғарыш кемесінің иесі табылды: ендігі тағдыры қалай болады

Айта кетейік, бірнеше кұн бұрын "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозин Байқоңырда сақталған "Буранның" иесін табуға тырысқаны хабарланған. Алайда, ғарыштық кеме қазақстандық белгісіз жеке адамға тиесілі екендігі мәлім болған.

6 миллион еуроға бағаланған

Әңгіме өзегі ұшуға дейін құрастырылып-жанармай құю кешенінде 95-97% дайын болған екінші кеме туралы болып отыр. Ашық дереккөздерге сүйенсек, ол "Мир" станциясына 1991 жылы ұшуы тиіс еді.

Ал алғашқы "Буран" кемесі 2002 жылы Байқоңырдағы құрастыру-сынақ ғимаратының төбесінің құлауымен қирады. Содан кейін, ғарыш айлағы орналасқан жердегі ғимараттың шатырын жөндеу кезінде төбесі опырылып, жеті жұмысшы қаза тапты.

"Буран" ғарыш кемесінің иесі табылды: ендігі тағдыры қалай болады

"Буран" туралы арнайы сайт жасап, кітап жазған тарихшы Вадим Лукашевич, бір кездері техникалық Шпайер музейінің неміс мамандары "Буранның" иесімен оны тасымалдау шығынынсыз, алты миллион еуроға сатып алу туралы келіссөздер жүргізгенін айтады.

2019 жылы "Патриот" саябағының өкілдері "Буранды" саябақ алаңына жеткізу үшін оның иелерін табуға көмектес деп Лукашевичке хабарласқан. Алайда, Қазақстан билігі "Буранды" Нұр-Сұлтандағы саябаққа орнатуға шешім қабылдағандықтан, келіссөздер баға туралы әңгімеге дейін жетпеген.

Оқи отырыңыз: Ресей Байқоңырдағы жабдықтың бір бөлігін Қазақстанға қайтаруды ұсынды

Ал Sputnik Қазақстанға астана әкімдігі Нұр-Сұлтандағы кеме ұшақтың үлгісі ғана екенін хабарлады.

Лукашевичтің өзі болса, қазіргі кезде кеме күзетілмейтінін айтып, қиын жағдайда тұр деп қынжылды.