Әлем

Ресей Байқоңырдағы жабдықтың бір бөлігін Қазақстанға қайтаруды ұсынды

© Sputnik / Grigoriy Sysoyev / Медиабанкке өтуПуск ракеты-носителя "Союз-ФГ" с транспортным пилотируемым кораблем "Союз МС-07" с космодрома "Байконур"
Пуск ракеты-носителя Союз-ФГ с транспортным пилотируемым кораблем Союз МС-07 с космодрома Байконур - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде алаңның кейбір агрегатын, атап айтқанда жердегі кабель-арналарды Қазақстанға беру мәселесі туралы жұмыстар жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ, 8 қыркүйек – Sputnik. "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы Байқоңыр ғарыш айлағында "Боран" орбиталық кемесі ұшырылған алаңның кейбір жабдығын Қазақстанға беруге ниетті. Бұл туралы Жердегі ғарыш инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығы мәлімдеді деп хабарлайды Риа Новости.

"Байқоңыр ғарыш айлағының №110 алаңында "Энергия" зымыран-тасығышының ұшыру кешені орналасқан. Нысан Жердегі ғарыш инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығы мекемесіне қарасты "Южный" ғарыш орталығының қарауында және оны осы орталық күзетеді. Қазір ол пайдаланудан шығарылды. Алаңда ешқандай жұмыс жүріп жатқан жоқ", – деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.

Алаңның кейбір агрегатын, атап айтқанда жердегі кабель-арналарды Қазақстанға беру мәселесі туралы жұмыстар жүріп жатыр. Ұсыныс қазақстандық тарапқа жіберілді.

© Sputnik / Александр Моклецов / Медиабанкке өту Байқоңыр ғарыш айлағындағы "Боран" орбиталық кемесі, 1988 жыл
Ресей Байқоңырдағы жабдықтың бір бөлігін Қазақстанға қайтаруды ұсынды - Sputnik Қазақстан
 Байқоңыр ғарыш айлағындағы "Боран" орбиталық кемесі, 1988 жыл

№110 алаң айға ұшырылатын кеңестік Н-1 зымыраны үшін қолданылған. Кейіннен оны "Буран" ғарыш кемесімен бірге аса ауыр "Энергия" зымыранын ұшыру үшін қайта жасап шығарды.

Оқи отырыңыз: "Байқоңыр" ғарыш айлағы: жұлдыздар әлеміне апарар жол – фото

Ресей ғарыш айлағын Байқоңыр қаласымен бірге 2050 жылға дейін жалға алған. Жалдау құны – жылына 115 миллион доллар.

Жаңалықтар
0