Қоғам

Коронавирустан айыққан соң өкпені қалай қалпына келтіруге болады – иммунолог кеңесі

Дәрігердің айтуынша, өкпенің жұмысын қалпына келтіру үшін тыныс алу жаттығуларын үнемі жасап отыру керек
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Аллерголог-иммунолог Евгения Паршина COVID-19-дан кейін өкпені қалай қалпына келтіру керектігін айтты.

Дәрігердің айтуынша, коронавирусқа шалдыққан адам, тренажердегі арнайы жаттығулар көмегімен тыныс алу жүйесінің қалпына келуін жеделдете алады, деп хабарлайды РИА Новости.

"Тыныс алу гимнастикасын жатып немесе отырған күйде жасауға болады. Сонымен қатар жаттығулар тонусты сақтауға көмектеседі", – деді Елена Паршина.

Сондай-ақ, дәрігер жаттығуларды күніне бірнеше рет тұрақты түрде жасау керек екенін айтады.

"Тыныс жетіспеушілігін емдеу мен вирустық жүктемені азайту үшін дәрігерлердің қадағалауымен термиялық гелиокспен (жоғары температураға дейін қыздырылған гелий-оттегі қоспалары – Sputnik) ингаляция жасауға болады", – дейді маман.

Оқи отырыңыз: Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды – ғалымдар жауабын айтты

Айта кетейік, бұған дейін неміс ғалымдары өсімдіктерге зерттеу жүргізіп, адам ағзасындағы коронавирустың белсенділігін әлсірететін өнімді анықтағаны хабарланған.

Ғалымдардың пікірінше, қара жемісті шетеннің шырыны небәрі 5 минуттың ішінде организмдегі коронавирусты 97%-ке дейін жояды. Анар шырынының да вирусқа қарсы әсері күшті болып шықты. Анар шырынымен тамақты шая отырып, COVID-19 патогендерінің 80%-не дейін өлтіруге болады.