НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 630 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
"COVID-19 вирусын жұқтырғандардың ең көбі Шығыс Қазақстан облысында анықталды (236). Одан кейінгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысы (54) мен Қостанай облысында (52) тіркелді. Ал Қызылорда облысында бірде бір науқас анықталмады", – делінген хабарламада.
Өңірлер мен қалалар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 48
- Алматы қаласы - 45
- Шымкент қаласы - 5
- Ақмола облысы - 34
- Ақтөбе облысы - 3
- Алматы облысы - 28
- Атырау облысы - 12
- Шығыс Қазақстан облысы - 236
- Жамбыл облысы - 4
- Батыс Қазақстан облысы - 40
- Қарағанды облысы - 17
- Қостанай облысы - 52
- Қызылорда облысы - 0
- Маңғыстау облысы - 1
- Павлодар облысы - 50
- Солтүстік Қазақстан облысы - 54
- Түркістан облысы – 1.
Жалпы республика бойынша індетке шалдыққандар саны – 120 463 адамға жетіп, 109 275 науқас жазылып шықты. 1 899 науқас қайтыс болды.
Оқи отырыңыз: Ғалымдар ауадағы коронавирусты анықтайтын құрылғы ойлап тапты