Қоғам

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 120 мыңнан асты

© AFP 2024 / JEFF PACHOUDСотрудник лаборатории ставит в держатель пробирки с анализами на коронавирус
Сотрудник лаборатории ставит в держатель пробирки с анализами на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінге дейін республика бойынша індетке шалдыққандар саны 120 463 адамға жетіп, 109 275 науқас жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 630 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"COVID-19 вирусын жұқтырғандардың ең көбі Шығыс Қазақстан облысында анықталды (236). Одан кейінгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысы (54) мен Қостанай облысында (52) тіркелді. Ал Қызылорда облысында бірде бір науқас анықталмады", – делінген хабарламада.  

Өңірлер мен қалалар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 48
  • Алматы қаласы - 45
  • Шымкент қаласы - 5
  • Ақмола облысы - 34
  • Ақтөбе облысы - 3
  • Алматы облысы - 28
  • Атырау облысы - 12
  • Шығыс Қазақстан облысы - 236
  • Жамбыл облысы - 4
  • Батыс Қазақстан облысы - 40
  • Қарағанды облысы - 17
  • Қостанай облысы - 52
  • Қызылорда облысы - 0
  • Маңғыстау облысы - 1
  • Павлодар облысы - 50
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 54
  • Түркістан облысы – 1.

Жалпы республика бойынша індетке шалдыққандар саны – 120 463 адамға жетіп, 109 275 науқас жазылып шықты. 1 899 науқас қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар ауадағы коронавирусты анықтайтын құрылғы ойлап тапты

Жаңалықтар
0