Фото

Медицина "Да Винчиі": робот-хирургтың көмегімен жасалатын операция - фото

Sputnik

Кішкентай тіліктер арқылы бірегей операцияларды жасай алатын робот-хирург жаралардағы инфекцияның асқыну қаупін айтарлықтай төмендете отырып, медициналық ғажайыптарды жүзеге асыруға көмектеседі.

Салмағы жарты тоннаға жететін бұл агрегат хирургтардың қимылын асқан дәлдікпен қайталайтын, сол арқылы бүкіл дүниежүзінің дәрігерлеріне көмектесетін "қабілетке ие".

Агрегаттың ресми атауы - "Да Винчи" көмекші-робот хирургиялық жүйесі. Ол екі блоктан тұрады, оның біріншісі хирург-операторға арналған, ал екінші төртқолды робот-манипулятор атқарушы құрылғы есебінде жүреді.

Роботтың бір "қолы" операция жасалып жатқан жерді көрсететін бейнекамераны ұстап тұрады, қалған екеуі хирургтың орындайтын қимылдарын дәл қайталайды, ал төртінші "қол" көмекші  қызметін атқарады.

Технологиялық жаңашылдық хирургқа "операция алаңын" үлкейтіп ғана емес, сонымен қатар 3D форматында да көруге мүмкіндік береді - осының барлығы операцияның жасалу барысын тиімді түрде қадағалап отыруға көмектеседі.

Ендеше, "Да Винчи" робот-хирургының "қатысуымен" жасалатын операцияның жүру барысын көру үшін фототаспаны қараңыз.

1 / 7
"Да Винчи" аппараты хирургқа операция жасалып жатқан жерді барынша толық көрсететін кішкентай манипуляторлар мен жоғары сапалы 3D камералардың көмегімен кішігірім тіліктер арқылы операция жасауға мүмкіндік беретін жаңа буын роботы.
2 / 7
Пультте отырған хирург-оператор дәрігердің скальпельді қолданғанға дейінгі барлық іс-қимылын дәл көрсететін жоғары технологиялық роботты манипуляторлардың қозғалысын басқарады.
3 / 7
Заманауи технологиялар дәрігерге "операция алаңын" тек үлкейтілген көлемде ғана емес, 3D форматында да көруге мүмкіндік береді, ал бұл операцияны жоғары деңгейде бақылап отыруға сеп болады.
4 / 7
"Дарынды" хирург "Да Винчи" басқару пультінде отырған кезде, оның әріптестері аппараттың көрсеткіштерін мұқият бақылап отыру қажет. Айтпақшы, "Да Винчи" танымал медициналық сериалдардың "кейіпкері" болғаны белгілі.
5 / 7
Дегенмен, қанша "ақылды" болса да, техниканың аты – техника. Сондықтан оны үнемі әрбір операцияның алдында техникалық тексерістен өткізіп отыру қажет.
6 / 7
Робот-хирургтың "ақылдылығына" қарамастан, кейде операция кезінде оған адамның көмегі қажет болып жатады, өйткені робот әзірге "қолындағы" құралын өз бетімен алмастыра алмайды.
7 / 7
Робот-хирургты пайдалану кезінде тіліктердің көлемі екі сантиметрден аспайды, бұл науқастың операциядан кейін тез қалпына келуіне ықпал етеді.