Кішкентай тіліктер арқылы бірегей операцияларды жасай алатын робот-хирург жаралардағы инфекцияның асқыну қаупін айтарлықтай төмендете отырып, медициналық ғажайыптарды жүзеге асыруға көмектеседі.
Салмағы жарты тоннаға жететін бұл агрегат хирургтардың қимылын асқан дәлдікпен қайталайтын, сол арқылы бүкіл дүниежүзінің дәрігерлеріне көмектесетін "қабілетке ие".
Агрегаттың ресми атауы - "Да Винчи" көмекші-робот хирургиялық жүйесі. Ол екі блоктан тұрады, оның біріншісі хирург-операторға арналған, ал екінші төртқолды робот-манипулятор атқарушы құрылғы есебінде жүреді.
Роботтың бір "қолы" операция жасалып жатқан жерді көрсететін бейнекамераны ұстап тұрады, қалған екеуі хирургтың орындайтын қимылдарын дәл қайталайды, ал төртінші "қол" көмекші қызметін атқарады.
Технологиялық жаңашылдық хирургқа "операция алаңын" үлкейтіп ғана емес, сонымен қатар 3D форматында да көруге мүмкіндік береді - осының барлығы операцияның жасалу барысын тиімді түрде қадағалап отыруға көмектеседі.
Ендеше, "Да Винчи" робот-хирургының "қатысуымен" жасалатын операцияның жүру барысын көру үшін фототаспаны қараңыз.