НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Тбилисиде есірткі жасады және таратты деген күдікпен 27 жастағы қазақстандық әйел ұсталды, деп хабарлады Грузия ішкі істер министрлігі.
ІІМ қылмыстық полиция бас басқармасының қызметкерлері Грузияда есірткіні заңсыз өндіру, сатып алу және сату схемасын әшкереледі.
Ол 6 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Тергеу барысында ұсталған әйелдің есірткі сатушылар тобына кіретіні және интернеттегі есірткі бизнесіне, "Мефедрон" есірткі өндірісі схемасына қатысқаны анықталды. Ол уақытша тұрғылықты жерінде арнайы зертханалық жабдық пен түрлі химиялық заттардың көмегімен "Мефедрон" есірткісін жасап, оларды интернет арқылы сатқан", - деп түсіндірді ішкі істер министрлігі.
Оқи отырыңыз: Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді
Ведомство өкілдері операцияның қалай өткізілгенін айтып берді. Сот шешімі негізінде тәртіп сақшылары күдіктіден жасырын түрде "Мефедрон" есірткісін бірнеше рет сатып алып, процесті видеоға түсірген.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері зертханада есірткі өндіру процесін де түсіріп алған. 2,3 килограмм "Мефедрон" есірткісі, сондай-ақ зертхана жабдығы тәркіленді.
Тәркіленген есірткінің құны қара нарықта 365 мың долларға бағаланады.