Қоғам

Грузия полициясы Қазақстан азаматын ұстады – видео

© Sputnik / Артем Житенев / Медиабанкке өтуЖенщина в клетке для подсудимых. архивное фото
Женщина в клетке для подсудимых. архивное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Грузия полициясы жасырын жолмен қазақстандық әйелден есірткі сатып алған. Есірткі саудагері әшкереленді, ол 11 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша – Sputnik. Тбилисиде есірткі жасады және таратты деген күдікпен 27 жастағы қазақстандық әйел ұсталды, деп хабарлады Грузия ішкі істер министрлігі.

ІІМ қылмыстық полиция бас басқармасының қызметкерлері Грузияда есірткіні заңсыз өндіру, сатып алу және сату схемасын әшкереледі.

"Батуми мен Тбилисиде жүргізілген кешенді іздестіру және тергеу шараларының нәтижесінде Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бас басқармасының қызметкерлері 1993 жылы туған Қазақстан азаматын ұстады", - деп хабарлады ІІМ.

Ол 6 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Тергеу барысында ұсталған әйелдің есірткі сатушылар тобына кіретіні және интернеттегі есірткі бизнесіне, "Мефедрон" есірткі өндірісі схемасына қатысқаны анықталды. Ол уақытша тұрғылықты жерінде арнайы зертханалық жабдық пен түрлі химиялық заттардың көмегімен "Мефедрон" есірткісін жасап, оларды интернет арқылы сатқан", - деп түсіндірді ішкі істер министрлігі.

Оқи отырыңыз: Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция өткізді

Ведомство өкілдері операцияның қалай өткізілгенін айтып берді. Сот шешімі негізінде тәртіп сақшылары күдіктіден жасырын түрде "Мефедрон" есірткісін бірнеше рет сатып алып, процесті видеоға түсірген.  

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері зертханада есірткі өндіру процесін де түсіріп алған. 2,3 килограмм "Мефедрон" есірткісі, сондай-ақ зертхана жабдығы тәркіленді.

Тәркіленген есірткінің құны қара нарықта 365 мың долларға бағаланады.

Жаңалықтар
0