Фото

Белгиялық әйел тағамнан көзтартарлық "суреттер" әзірлейді - 15 фото

Sputnik

Бұл оның әдемі көрінбегенінен немесе дәмсіздігінен емес. Керісінше, олардың керемет әзірленгені соншалық, шебер қолдан шыққан туындының бір бөлігін кесіп алуға жүрегіңіз дауаламайды.

Йоланда Стоккерманс – Бельгияның Керсел деп аталатын шағын ауылында тұратын екі баланың анасы.

Балаларының дұрыс тамақтанғанын ойлаған Йоланда тағамдарды қарапайым әдістермен әзірлейді. Кейін өзі жасаған тағам түрлерін басқа балалардың аналарымен де бөлісуді жөн көріп, әлеуметтік желілерде жеке аккаунтын ашады.

Алайда, аккаунтының профилін безендіргісі келген ол өзі дайындаған тағамдардың әрін келтіретіндей суреттердің жоқ екеніне көзі жетеді.

Сол кезде ол тағамдардың суретін өзі әзірлеп шығуды жөн көреді. Ол қателеспеген екен. Оның аккаунты әлеуметтік желі қолданушыларының арасында үлкен танымалдыққа ие болады. Себебі, Йоланда безендірген тағамдар шынайы өнер туындысына айналып шыға келеді.

1 / 15
Балаларды тамақты қалдырмай жеп қоюға мәжбүрлеу – Йоланда Стоккерманс өзінің алдына осындай мақсат қояды.
2 / 15
Ол көптеген қарапайым және дәмді тағам түрлерін әзірлеп, кейін интернетте ас мәзірін дайындау әдісімен бөлісуді жөн көреді.
3 / 15
Алғашында әлеуметтік желілерде аккаунтын ашқан кезде, ол асты безендіруде түрлі қиындыққа тап болады. Сондықтан Йоланда өзгелерге ұнайтын ас мәзірін өзі дайындап шығу туралы шешім қабылдайды.
4 / 15
Ақыр соңында осы іске басы бүтін берілгені соншалық, өзінің тағамдарын көпшіліке әйгілі актерлер, керемет гүлдер мен сүйкімді жануарлар бейнесінде ұсына бастайды, сол арқылы дүниежүзіндегі интернет-қолданушылардың жүрегін жаулап алады.
5 / 15
Бүгінде оның таңғы астары – нағыз өнер туындылары.
6 / 15
Шебердің қолынан шыққан кез келген тағамды жеуге болады.
7 / 15
"Аң патшасы – арыстаннан" бастап "Джокерге" дейінгі тақырыптарды қамтыған түрлі мәзірлер желі қолданушыларының тек таңданысын туғызады.
8 / 15
Йоланда белгілі бір тағамды әзірлер алдында ұлттық қолөнерге де арқа сүйейді. Солардың бірі – мынандай әдемі қуыршақ матрешкалар.
9 / 15
Сүйкімді теңіз тасбақасы ас табақшасында еркін "жүзіп" барады.
10 / 15
Йоланданың өз балаларына арнап әзірлеген, жеуге болатын жылан түрінде әзірлеген тағамы сақина іспетті дөңгеленіп жатыр.
11 / 15
Орыс ертегілерінің бұл кейіпкері де өзгеше өнер туындысына айналған.
12 / 15
Орангутанның баласы бейкүнә көзбен қарап тұрғандай әсер қалдырады.
13 / 15
Скуби-Ду туралы фильмдердің кейіпкерлері мінген әйгілі Volkswagen минивэні.
14 / 15
Бұл кірпінің тікенегі әсте көрінбейді
15 / 15
Құлағы қара сүйкімді күшік кез келген жанға езу тартқызбай қоймасы анық.