Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Белгиялық әйел тағамнан көзтартарлық "суреттер" әзірлейді - 15 фото

Жазылу
Белгиялық Йоланда реалистік стильде жеуге болатын "суреттер" әзірлейді. Дегенмен, оны көргенде тәбетің қашуы мүмкін

Бұл оның әдемі көрінбегенінен немесе дәмсіздігінен емес. Керісінше, олардың керемет әзірленгені соншалық, шебер қолдан шыққан туындының бір бөлігін кесіп алуға жүрегіңіз дауаламайды.

Йоланда Стоккерманс – Бельгияның Керсел деп аталатын шағын ауылында тұратын екі баланың анасы.

Балаларының дұрыс тамақтанғанын ойлаған Йоланда тағамдарды қарапайым әдістермен әзірлейді. Кейін өзі жасаған тағам түрлерін басқа балалардың аналарымен де бөлісуді жөн көріп, әлеуметтік желілерде жеке аккаунтын ашады.

Алайда, аккаунтының профилін безендіргісі келген ол өзі дайындаған тағамдардың әрін келтіретіндей суреттердің жоқ екеніне көзі жетеді.

Сол кезде ол тағамдардың суретін өзі әзірлеп шығуды жөн көреді. Ол қателеспеген екен. Оның аккаунты әлеуметтік желі қолданушыларының арасында үлкен танымалдыққа ие болады. Себебі, Йоланда безендірген тағамдар шынайы өнер туындысына айналып шыға келеді.

© Photo : Instagram / De Meal PrepperБалаларды тамақты қалдырмай жеп қоюға мәжбүрлеу – Йоланда Стоккерманс өзінің алдына осындай мақсат қояды.
Кулинарное произведение Фредди Меркьюри бельгийской жительницы Йоланды Стоккерманс  - Sputnik Қазақстан
1/15
Балаларды тамақты қалдырмай жеп қоюға мәжбүрлеу – Йоланда Стоккерманс өзінің алдына осындай мақсат қояды.
© Photo : Instagram / De Meal PrepperОл көптеген қарапайым және дәмді тағам түрлерін әзірлеп, кейін интернетте ас мәзірін дайындау әдісімен бөлісуді жөн көреді.
Кулинарное произведение Йоланды Стоккерманс из Бельгии - Sputnik Қазақстан
2/15
Ол көптеген қарапайым және дәмді тағам түрлерін әзірлеп, кейін интернетте ас мәзірін дайындау әдісімен бөлісуді жөн көреді.
© Photo : Instagram / De Meal PrepperАлғашында әлеуметтік желілерде аккаунтын ашқан кезде, ол асты безендіруде түрлі қиындыққа тап болады. Сондықтан Йоланда өзгелерге ұнайтын ас мәзірін өзі дайындап шығу туралы шешім қабылдайды.
Кулинарное произведение Йоланды Стоккерманс из Бельгии - Sputnik Қазақстан
3/15
Алғашында әлеуметтік желілерде аккаунтын ашқан кезде, ол асты безендіруде түрлі қиындыққа тап болады. Сондықтан Йоланда өзгелерге ұнайтын ас мәзірін өзі дайындап шығу туралы шешім қабылдайды.
© Photo : Instagram / De Meal PrepperАқыр соңында осы іске басы бүтін берілгені соншалық, өзінің тағамдарын көпшіліке әйгілі актерлер, керемет гүлдер мен сүйкімді жануарлар бейнесінде ұсына бастайды, сол арқылы дүниежүзіндегі интернет-қолданушылардың жүрегін жаулап алады.
Кулинарное произведение Йоланды Стоккерманс из Бельгии  - Sputnik Қазақстан
4/15
Ақыр соңында осы іске басы бүтін берілгені соншалық, өзінің тағамдарын көпшіліке әйгілі актерлер, керемет гүлдер мен сүйкімді жануарлар бейнесінде ұсына бастайды, сол арқылы дүниежүзіндегі интернет-қолданушылардың жүрегін жаулап алады.
© Photo : Instagram / De Meal PrepperБүгінде оның таңғы астары – нағыз өнер туындылары.
Кулинарное произведение Мистер Бин бельгийской жительницы Йоланды Стоккерманс  - Sputnik Қазақстан
5/15
Бүгінде оның таңғы астары – нағыз өнер туындылары.
© Photo : Instagram / De Meal PrepperШебердің қолынан шыққан кез келген тағамды жеуге болады.
Кулинарное произведение Йоланды Стоккерманс из Бельгии - Sputnik Қазақстан
6/15
Шебердің қолынан шыққан кез келген тағамды жеуге болады.
© Photo : Instagram / De Meal Prepper"Аң патшасы – арыстаннан" бастап "Джокерге" дейінгі тақырыптарды қамтыған түрлі мәзірлер желі қолданушыларының тек таңданысын туғызады.
Кулинарное произведение Йоланды Стоккерманс из Бельгии - Sputnik Қазақстан
7/15
"Аң патшасы – арыстаннан" бастап "Джокерге" дейінгі тақырыптарды қамтыған түрлі мәзірлер желі қолданушыларының тек таңданысын туғызады.
© Photo : Instagram / De Meal PrepperЙоланда белгілі бір тағамды әзірлер алдында ұлттық қолөнерге де арқа сүйейді. Солардың бірі – мынандай әдемі қуыршақ матрешкалар.
Кулинарное произведение Йоланды Стоккерманс из Бельгии - Sputnik Қазақстан
8/15
Йоланда белгілі бір тағамды әзірлер алдында ұлттық қолөнерге де арқа сүйейді. Солардың бірі – мынандай әдемі қуыршақ матрешкалар.
© Photo : Instagram / De Meal PrepperСүйкімді теңіз тасбақасы ас табақшасында еркін "жүзіп" барады.
Кулинарное произведение Йоланды Стоккерманс из Бельгии - Sputnik Қазақстан
9/15
Сүйкімді теңіз тасбақасы ас табақшасында еркін "жүзіп" барады.
© Photo : Instagram / De Meal PrepperЙоланданың өз балаларына арнап әзірлеген, жеуге болатын жылан түрінде әзірлеген тағамы сақина іспетті дөңгеленіп жатыр.
Кулинарное произведение Йоланда Стоккерманс из Бельгии - Sputnik Қазақстан
10/15
Йоланданың өз балаларына арнап әзірлеген, жеуге болатын жылан түрінде әзірлеген тағамы сақина іспетті дөңгеленіп жатыр.
© Photo : Instagram / De Meal PrepperОрыс ертегілерінің бұл кейіпкері де өзгеше өнер туындысына айналған.
Кулинарное произведение Йоланда Стоккерманс из Бельгии - Sputnik Қазақстан
11/15
Орыс ертегілерінің бұл кейіпкері де өзгеше өнер туындысына айналған.
© Photo : Instagram / De Meal PrepperОрангутанның баласы бейкүнә көзбен қарап тұрғандай әсер қалдырады.
Кулинарное произведение Йоланды Стоккерманс из Бельгии - Sputnik Қазақстан
12/15
Орангутанның баласы бейкүнә көзбен қарап тұрғандай әсер қалдырады.
© Photo : Instagram / De Meal PrepperСкуби-Ду туралы фильмдердің кейіпкерлері мінген әйгілі Volkswagen минивэні.
Кулинарное произведение Йоланды Стоккерманс из Бельгии - Sputnik Қазақстан
13/15
Скуби-Ду туралы фильмдердің кейіпкерлері мінген әйгілі Volkswagen минивэні.
© Photo : Instagram / De Meal PrepperБұл кірпінің тікенегі әсте көрінбейді
Кулинарное произведение Йоланды Стоккерманс из Бельгии - Sputnik Қазақстан
14/15
Бұл кірпінің тікенегі әсте көрінбейді
© Photo : Instagram / De Meal PrepperҚұлағы қара сүйкімді күшік кез келген жанға езу тартқызбай қоймасы анық.
Кулинарное произведение Йоланды Стоккерманс из Бельгии - Sputnik Қазақстан
15/15
Құлағы қара сүйкімді күшік кез келген жанға езу тартқызбай қоймасы анық.
Жаңалықтар
0