Оқиға

Көлік жерасты өткеліне құлады: Алматыдағы апаттан үш бала зардап шекті – фото

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші Сәтпаев көшесімен батыс бағытта келе жатып белгісіз себептермен көлікті басқара алмай қалған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН,  14 қараша – Sputnik. Алматыда Сәтпаев пен Манас көшелерінің қиылысында болған апат салдарынан әйел мен үш бала зардап шекті.

Көлік жерасты өткеліне құлады: Алматыдағы апаттан үш бала зардап шекті – фото

Оқиға бүгін, 14 қарашада болды. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші әйел Mitsubishi Pajero автокөлігін Сәтпаев көшесімен батыс бағытта жүргізіп келе жатқан.

Белгісіз себептермен ол көлікті басқара алмай қалған. Нәтижесінде автокөлік аударылып, жаяу жүргіншілерге арналған жерасты өткеліне құлаған.

Көлік жерасты өткеліне құлады: Алматыдағы апаттан үш бала зардап шекті – фото

Жол апатынан төрт адам жарақат алды – жүргізуші мен үш бала. Барлығы жақын ауруханаға жеткізілді.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеуде.

Оқи отырыңыз: Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды