Оқиға

Ақмола облысында көлік ұрламақ болған жігіт ажал құшты

22 жастағы жігіт ұрланған көлікпен жасырынбақ болып, тасжолда рөлге ие бола алмай қалды. Алған жарақат салдарынан көз жұмды
Sputnik

АЛМАТЫ, 11 қараша — Sputnik. Полиция қызметкерлері көлік ұрлануы және апат салдарынан адам қазасына байланысты тергеу бастады. Оқиғаның себебін сарапшылар анықтайды.

Қарабауыр ауылының тұрғыны Volkswagen Golf 3 көлігінің ұрланғаны туралы Бурабай аудандық полиция бөліміне хабарлады, деп жазады kazpravda.kz.

Оның айтуынша, көлік 9 қараша күні түнде ауладан жоғалып кеткен. 

Бұл туралы аудандық және облыстық автопатрульдерге хабар берілді.

"Полицейлер 22 жастағы ауыл тұрғынын анықтады. Ол көлікпен Абылайхан ауылы бағытына қарай шыққан. Дорофеевка – Зеленый Бор жолында рөлге ие бола алмай, жыраға түсіп кетті", - деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жігіт алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Жедел жәрдем қызметкерлері оның өлімін растады.