Мәскеу метросында ерекше пойыз пайда болды. Үй жануарын асырағысы келген адамдар енді оларды метрода да таңдай алады. Ашық түсті вагондардың іші-сыртына үй іздеген иттер мен мысықтардың суреттері салынған.
Тіпті, жолаушылар смартфон мен QR код арқылы суреттегі үй жануарына қатысты ақпаратты біліп, көңілі қалағанның иесі атана алады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай жобаның арқасында ондаған жануар өз иесін тапқан. Ал "Хвосты и лапки" жобасының базасында 13 мың жануар бар.
Оқи отырыңыз: Ағаштар арасында қысылып қалған шөнжік құтқарылды – видео
Идея авторлары қала тіршілігіндегі өзекті проблемаға осылайша назар аударып, қараусыз қалған ит, мысықтарға өз иесін табуға көмектеседі деп үміттенеді.
Толығырақ видеодан тамашалаңыз!