Видео

Үйіңізге ала кетіңіз: Мәскеу метросында ерекше пойыз іске қосылды – видео

Жазылу
Мәскеу метрополитені үйсіз жануарларды қолдау әлеуметтік жобасы аясында "Хвосты и лапки" деп аталатын арнайы пойызды іске қосты. Мұнда сіз үй жануарының суретін көріп қана қоймай, ол туралы ақпаратпен толығырақ танысып, оны үйіңізге ала кетсеңіз де болады

Мәскеу метросында ерекше пойыз пайда болды. Үй жануарын асырағысы келген адамдар енді оларды метрода да таңдай алады. Ашық түсті вагондардың іші-сыртына үй іздеген иттер мен мысықтардың суреттері салынған.

Тіпті, жолаушылар смартфон мен QR код арқылы суреттегі үй жануарына қатысты ақпаратты біліп, көңілі қалағанның иесі атана алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай жобаның арқасында ондаған жануар өз иесін тапқан. Ал "Хвосты и лапки" жобасының базасында 13 мың жануар бар.

Оқи отырыңыз: Ағаштар арасында қысылып қалған шөнжік құтқарылды – видео

Идея авторлары қала тіршілігіндегі өзекті проблемаға осылайша назар аударып, қараусыз қалған ит, мысықтарға өз иесін табуға көмектеседі деп үміттенеді.

Толығырақ видеодан тамашалаңыз!

Жаңалықтар
0