Видео

Сәттілік серік болады: мысықтар дәмханасы қалай жұмыс істейді – видео

Бұл мекеменің әлемде теңдесі жоқ. Сағатына он доллар төлеп, қара мысықтар арасында шай ішуге болады. Бұдан соң көтеріңкі көңіл-күйге бөленесіз. Видеода толығырақ
Sputnik

Дәмхана Жапонияда ашылған. Ішінде тек қара мысықтар ғана бар. Өзге дәмханалардан ерекшелігі де осы.

Мұнда кофе ішіп, мысықтармен ойнауға болады. 11 қара мысықтың жанында 1 сағат болу үшін он доллар төлеу керек. Қазіргі уақытта дәмхана өте танымал.

Өйткені Жапонияда қара мысықтар ерекше бағаланады. Өзге елдерде қара мысық жамандық нышаны болса, Жапонияда қара ит пен мысық - сәттілік серігі. Олар мол бақыт сыйлайды деген сенім бар.

Кейбір тұрғындар мысыққа бауыр басып, үйлеріне алып кеткен. Дәмхана иесі осындай мүмкіндікті де қарастырыпты.

Ерекше дәмхана қалай істейтінін видеодан көре аласыз.