Дәмхана Жапонияда ашылған. Ішінде тек қара мысықтар ғана бар. Өзге дәмханалардан ерекшелігі де осы.
Мұнда кофе ішіп, мысықтармен ойнауға болады. 11 қара мысықтың жанында 1 сағат болу үшін он доллар төлеу керек. Қазіргі уақытта дәмхана өте танымал.
Өйткені Жапонияда қара мысықтар ерекше бағаланады. Өзге елдерде қара мысық жамандық нышаны болса, Жапонияда қара ит пен мысық - сәттілік серігі. Олар мол бақыт сыйлайды деген сенім бар.
Кейбір тұрғындар мысыққа бауыр басып, үйлеріне алып кеткен. Дәмхана иесі осындай мүмкіндікті де қарастырыпты.
Ерекше дәмхана қалай істейтінін видеодан көре аласыз.