Фото

Адамзат пен табиғат текетіресі: "Астана Балетте" экологиялық премьера өтті – фото

Sputnik

"Желторңағы туралы аңыз" спектаклі ежелде жер бетінде пайда болған өзгеше ағаш туралы оқиғаны баяндайды. Желтораңғы құстар үшін ұя салуға қолайлы жайлы мекенге айналады. Бұл ағаш көптеген катаклизмді басынан өткерді, бірақ ештеңеге қарамастан барлық кездескен кедергіге төтеп берді.

Адамзат пен табиғат арасындағы текетірес

Хореограф-қоюшы режиссер Анвара Садықоваға бұл балетті қоюға Қуат Шілдебаевтың "Желтораңғы қайғысы" музыкалық туындысы шабыт береді.

"Мен желтораңғының не екенін білу үшін ол туралы ақпарат іздей бастадым. Қойылымның өзегінде – кез келген сынаққа қарсы тұруға мүмкіндік беретін мықты тамыр жүйесі жатыр. Бір кездері біздің қазақ даласы неше түрлі жағдайды басынан өткерді. Бірақ біз бәріне қарсы тұра алдық, алға ұмтылып, дамып келеміз – бұл бір жүйе. Ал екінші жүйе – ол адамзат әлемі мен табиғат әлемі арасындағы қақтығыс. Бұл – бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі. Сондықтан, біз осы екі бастаудың, яғни адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті тапқымыз келді", - дейді Анвара Садықова.

Балет театрының сахнасында адам мен табиғат текетіресі тақырыбы айтарлықтай ашық көрсетілді. Спектакльдің өзегі – адамдардың ағаштар мен құстарға жасаған қатыгездігі. Аңыз көрерменді ежелгі дәуірге жетелегенімен, қоршаған ортаның адамзат алдындағы нәзіктігі мен қорғансыздығы – қазір де күн тәртібінен түспеген өткір мәселе.

Балетке арналған либреттоны белгілі қазақ ақыны Бақыт Қайырбеков жазды. Философиялық мәнге ие қойылымның әрбір картинасы суретшілер мен режиссерлердің идеясымен әзірленген, әртістердің керемет биі әрленген.

Өлімді жеңген махаббат

"Желтораңғы туралы аңыз" бір актілі балетінің басты оқиға желісінің бірі – аты аңызға айналған желтораңғы ағашын кесуге келген, бірақ артынан оған өкінген жігіттің айналасында өрбиді. Кейін ол сұлу қыз бейнесіндегі желтораңғының жанын көреді. Оған ғашық болады.

Оқиғаның шарықтау шегінде көрермендер махаббат пен қатыгездік, тіпті өлім арасындағы күрестің куәсі болады. Бірақ жанр заңы бойынша, ақыр соңында махаббат қатігездікті жеңуі керек.

1 / 20
Қазақ хореографы Анвара Садықова әзірлеген "Желтораңғы туралы аңыз" спектаклі ежелгі дәуірден бастап құстар мен жануарларды табиғи апаттардан қорғап, олардың қорғанына айналған ағаш туралы баяндайды.
2 / 20
Алуан түрлі қауырсындары бар құстар спектакльдің әрін ашады. Дизайнердің айтуынша, костюмдер қауырсындарды қолданбай әзірленген.
3 / 20
Хореограф желге тербелген әсем желтораңғының төзімділігін көрерменге шебер жеткізе алды.
4 / 20
Қойылымда құстардың жылы жақтардан желтораңғы ағашына жаппай қайта оралуы көрсетіледі.
5 / 20
Желтораңғы – тамыры мықты ағаш. Бұл оған табиғи апаттардың ең қатты соққыларына қарсы тұруға көмектеседі.
6 / 20
Бірақ құстар мен олардың қорғаны болған желтораңғы әлеміне адамдар күтпеген жерден баса-көктеп кіріп келеді. Спектакльдегі барлық адам – тек ағаш кесушілер. Сондықтан қойылымның бұл партиясын тек ер азаматтар ғана орындайды.
7 / 20
Әуелі ағаштар адамдардың осыншалықты айлакер әрі қатыгез бола алатынын сезбейді.
8 / 20
Алайда көп уақыт өтпестен ағаштардың әрқайсысын ағаш кесушілер балталай бастайды.
9 / 20
Бұл таң құстар мен ағаштар үшін шынымен "қанды қырғынға" айналады.
10 / 20
Құстардың ортақ үйіне табиғатқа орны толмас қауіп төндіретінін білмейтін ағаш кесушілер келді. Олар болашақ туралы ойлағысы келмейді, сондықтан тұтас экожүйені жойып жіберуден еш шімірікпейді.
11 / 20
Құстар мүмкіндігінше желтораңғының бұтақтарындағы ұяларын қорғауға тырысып бағуда, бірақ темір балталы ағаш кесушілерге қарсы тұруға жеңіл қауырсынды құстардың әлі қайдан келсін?
12 / 20
Ағаш кесушілер "табиғаттан жақсылық күтуге уақыт жоқ, ал оны пайдалану – біздің міндетіміз" деген бір қағидатты ұстанатындай.
13 / 20
Ал қорғансыз ағаштар не істейді? Бұтақтарынан үнсіз ғана айырыла бастайды.
14 / 20
Бұл уақытта ағаш кесушілер құстар мен ағаштарға еш аяушылық танытпастан, өз әрекетін жалғастыра береді.
15 / 20
Қатыгез ағаш кесушілер бұтақтары шабылып, әбден зақымдалған ағаштарды үй салуға пайдалану үшін өздерімен бірге алып кетеді.
16 / 20
В "Астана Балет" состоялась премьера национального балета "Желтораңғы туралы аңыз" ("Легенда о туранге")
17 / 20
Ағаш кесушілердің тек біреуі ғана әсем желтораңғы ағашының жанына тереңірек үңіле алды.
18 / 20
Адам өзі және серіктері кескен ағаштардың әдемілігіне біртіндеп көз жеткізіп, іштей түсінеді. Осылайша, өз қолымен жасаған ісінен шоши бастайды.
19 / 20
Ежелгі ағаштың жаны оған жас әрі нәзік қыздың бейнесінде көрінеді, ал оны жақсы көрмеу мүмкін емес.
20 / 20
Басты кейіпкерлер адамзат пен табиғат әлемі арасындағы үйлесімділікті таба ала ма - ол тек қойылымның соңында белгілі болады.