НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша — Sputnik. Белгілі ресейлік сатирик, Ресейдің халық әртісі Михаил Жванецкий 86 жасында көз жұмды.
"Сен бізден мәңгіге кеттің. Орны толмас қаза. Досым, сені ұмытпаймын. Сен әрдайым менің жүрегімдесің", - деп жазды Алла Пугачева Instagram парақшасында.
Қазан айында әртістің өкілі Олег Сташкевич РИА Новостиге, Жванецкий жасына байланысты көпшілік алдында өнер көрсетпеу туралы шешім қабылдағанын айтқан болатын.
Михаил Жванецкий 1934 жылы 6 наурызда Одессада (Украина) дәрігерлер отбасында дүниеге келген.
Жванецкий "Встречи на улицах" (1982), "Год за два" (1987), "Моя Одесса" (1993), "Собрание произведений" 3 том (2001) кітаптарының авторы.