НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша — Sputnik. Белгілі ресейлік сатирик, Ресейдің халық әртісі Михаил Жванецкий 86 жасында көз жұмды.
"Сен бізден мәңгіге кеттің. Орны толмас қаза. Досым, сені ұмытпаймын. Сен әрдайым менің жүрегімдесің", - деп жазды Алла Пугачева Instagram парақшасында.
Қазан айында әртістің өкілі Олег Сташкевич РИА Новостиге, Жванецкий жасына байланысты көпшілік алдында өнер көрсетпеу туралы шешім қабылдағанын айтқан болатын.

Белгілі ресейлік сатирик, Ресейдің халық әртісі Михаил Жванецкий
© Sputnik / Антон Денисов
/ Михаил Жванецкий 1934 жылы 6 наурызда Одессада (Украина) дәрігерлер отбасында дүниеге келген.
Жванецкий "Встречи на улицах" (1982), "Год за два" (1987), "Моя Одесса" (1993), "Собрание произведений" 3 том (2001) кітаптарының авторы.
