Оқиға

Павлодарда КамАЗ карьерге түсіп кетті: екі адам көз жұмды

Қайғылы оқиға кәсіпорындардың бірінің аумағында жұма күні таңғы уақытта болды. Тексеріс жүргізіліп жатыр
Sputnik

ПАВЛОДАР, 6 қараша – Sputnik. КамАЗ-дың карьерге түсіп кетуі салдарынан жүргізуші мен оның қасында отырған адам қаза болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Трагедия 6 қарашада жұмыс уақытынан тыс уақытта, таңғы сағат 8-де Павлодар қаласындағы ЖШС-ның бірінің аумағында болды. 59 жастағы жүргізуші мінген КамАЗ артқа жүріп келе жатқан кезде тереңдігі 6-7 метрлік шұңқырға құлап кеткен.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысында қарбыз тиелген КамАз аударылды 

Жол апаты салдарынан дене жарақатын алған жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр.