ПАВЛОДАР, 6 қараша – Sputnik. КамАЗ-дың карьерге түсіп кетуі салдарынан жүргізуші мен оның қасында отырған адам қаза болды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Трагедия 6 қарашада жұмыс уақытынан тыс уақытта, таңғы сағат 8-де Павлодар қаласындағы ЖШС-ның бірінің аумағында болды. 59 жастағы жүргізуші мінген КамАЗ артқа жүріп келе жатқан кезде тереңдігі 6-7 метрлік шұңқырға құлап кеткен.
Оқи отырыңыз: Қостанай облысында қарбыз тиелген КамАз аударылды
Жол апаты салдарынан дене жарақатын алған жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр.