Қоғам

Нұр-Сұлтан әкімдігі дәрігерлерге қосымша ақы төлеу мәселесі туралы айтты

Медицина қызметкерлеріне үстеме ақы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржысы есебінен төленеді  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тимур Мұратов мәслихат депутаттарының "қала бюджетінде COVID-19 індетімен күресіп жатқан дәрігерлерге қосымша ақы төлеуге ақша жеткілікті ме?" деген сұрағына жауап берді.

"Дәрігерлер құжат бойынша осы жылдың 31 желтоқсанына дейін қосымша ақы алады. Ол әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен төленеді", - деп жауап берді Омаров.  

Осы себепті үстеме ақы төлеуде проблема болмауы тиіс. Қосымша ақыны ұзарту туралы шешімді үкімет қабылдайды.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі коронавирус және пневмониямен ауырған медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеуді 20 қазаннан бастап тоқтату туралы шешім қабылдаған болатын. Алайда денсаулық сақтау қызметкерлері жыл соңына дейін жалақысына қосымша ақы алады.

Оқи отырыңыз: Депутаттар вирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлеуді жалғастыруды талап етті 

Сондай-ақ, депутаттар басқарма басшысынан сирек кездесетін ауруларға шалдыққан адамдарға көмек көрсетуге арналған шығындар неліктен қысқарғанын сұрады.   

Ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қызметтерді қамту аясы жыл сайын кеңейіп жатқандықтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бюджеті жергілікті бюджеттен бірте-бірте шығарылып жатыр деп жауап берді.

"Мәселен, былтыр сіздерден буллезді эпидермолиз (көбелек балалар) секілді ауруға дәрі-дәрмек сатып алуға ақша сұрадық, биыл ол міндетті әлеуеттік медициналық сақтандыру пакетіне енгізілді. Жыл сайын міндетті медициналық сақтандыру пакеттері көбейіп жатыр, біз орфандық аурулар үшін жергілікті бюджеттен алынатын ақшаны азайта береміз", - деп түйіндеді Мұратов.