Фото

Түркиядағы жер сілкінісі: апат орнынан түсірілген жантүршігерлік суреттер

Sputnik

Бұған дейін хабарланғандай, қорқынышты жер сілкінісінің эпицентрі Измир провинциясының Сеферихисар қаласы маңындағы Эгей теңізі аймағында болды. Жерасты дүмпулері жақын жердегі грек аралдарына дейін сезілген. Грециядағы сейсмологтер жер сілкінісінің магнитудасын 6,9 деп бағалады.

Жер сілкінісіне Сеферихисардағы жағалауға жақын көшелерді су астында қалдырған кішігірім цунами себеп болған. Измирде кем дегенде 20 ғимараттың жермен жексен болғаны туралы хабарланды.

Қазіргі уақытта Түркиядағы жер сілкінісінің салдарынан бір мыңға жуық адамның зардап шеккені белгілі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия провинциясында табиғи апат құрбандарының саны 100 адамға жақындады. 

Жер сілкінісі болған жерден түсірілген суреттерді Sputnik Қазақстан фототаспасынан көріңіздер.

1 / 14
Измирдегі жер сілкінісі салдарынан қираған ғимарат. Биіктен дронның көмегімен түсірілген кадр.
2 / 14
Құтқарушылар үйінділердің арасынан бүлінген көлікті шығарып алды
3 / 14
Измирдегі жер сілкінісінен кейін қираған ғимараттың орнында жұмыс істеп жүрген құтқарушылар.
4 / 14
Измирдегі табиғи апаттан кейінгі құтқару жұмыстарын бақылап тұрған адамдар.
5 / 14
Измирдегі жер сілкінісінен бүлінген ғимараттың көрінісі.
6 / 14
Құтқарушылар Измирдегі жер сілкінісі салдарынан опат болған адамның денесін эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде.
7 / 14
Ауыр техника Измирдегі жер сілкінісінен кейін ғимаратты сүйеп тұр.
8 / 14
Измирдегі табиғи апат кезінде тірі қалған қызды эвакуациялау.
9 / 14
Соңғы мәліметтер бойынша, жер сілкінісі кезінде 994 адам зардап шеккен
10 / 14
Түркиядағы табиғи апат құрбандарының саны 98 адамға жетті.
11 / 14
Түркияда қираған ғимараттардың орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр: опат болғандарды іздеу шаралары жалғасуда.
12 / 14
6,6 балдық жер сілкінісі жұма күні түстен кейін Түркияның батысында болды, эпицентрі – Измир провинциясындағы Сеферихисар қаласы маңына жақын жердегі Эгей теңізі.
13 / 14
Эгей теңізіндегі портты қала Измирдегі жер сілкінісі салдарынан бұзылған ғимаратта ілініп тұрған ту.
14 / 14
Измирдегі жер сілкінісі салдарынан қираған ғимараттың орнында демалып отырған құтқарушы.