Бұған дейін хабарланғандай, қорқынышты жер сілкінісінің эпицентрі Измир провинциясының Сеферихисар қаласы маңындағы Эгей теңізі аймағында болды. Жерасты дүмпулері жақын жердегі грек аралдарына дейін сезілген. Грециядағы сейсмологтер жер сілкінісінің магнитудасын 6,9 деп бағалады.
Жер сілкінісіне Сеферихисардағы жағалауға жақын көшелерді су астында қалдырған кішігірім цунами себеп болған. Измирде кем дегенде 20 ғимараттың жермен жексен болғаны туралы хабарланды.
Қазіргі уақытта Түркиядағы жер сілкінісінің салдарынан бір мыңға жуық адамның зардап шеккені белгілі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия провинциясында табиғи апат құрбандарының саны 100 адамға жақындады.
Жер сілкінісі болған жерден түсірілген суреттерді Sputnik Қазақстан фототаспасынан көріңіздер.