Әлем

Түркияда туристер мінген катер төңкеріліп қалды

Алдын ала мәлімет бойынша, бортта 30 адам болған. Жергілікті БАҚ бір адамның көз жұмғаны туралы хабарлады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Түркияның Анталия провинциясындағы Алания жағалауында туристерге арналған серуендеу катері батып кетті, деп хабарлады РИА Новости.

​Түркияның NTV телеарнасының мәліметінше, оқиға жағалаудан 50 метр жерде болған.

Оқиға орнына құтқарушылар келді, жолаушылар жағаға шығарылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, бортта 30 адам болған. Қазіргі уақытта жергілікті БАҚ бір адам қайтыс болғанын хабарлады.