НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Түркияның Анталия провинциясындағы Алания жағалауында туристерге арналған серуендеу катері батып кетті, деп хабарлады РИА Новости.
#SONDAKİKA: Antalya'da tur teknesi battı (Kurtarma çalışmaları sürüyor) https://t.co/X2qEK6MsCk pic.twitter.com/MI3miDCeQ7
— NTV (@ntv) November 3, 2020
Түркияның NTV телеарнасының мәліметінше, оқиға жағалаудан 50 метр жерде болған.
Оқиға орнына құтқарушылар келді, жолаушылар жағаға шығарылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, бортта 30 адам болған. Қазіргі уақытта жергілікті БАҚ бір адам қайтыс болғанын хабарлады.