Оқиға

Алматыда тежегіші істен шыққан жүк көлігі әп-сәтте темір үйіндісіне айналды – фото

Жол апатының салдарынан үш адам зардап шегіп, түрлі деңгейлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Тежегіші істен шыққан жүк көлігі жол жөнекей үш машинаға зақым келтіріп, жаяу жүргіншілер жолағында тұрған әйелді қағып кеткен. Сондай-ақ алдынан кезіккен бірнеше кедергілерді бұзып өтіп, жекеменшік тұрғын үй аумағына барып тоқтаған.

Алматыда Дулати көшесімен солтүстік бағытқа қарай келе жатқан жүк көлігі Ғаламат шағынауданына бұрылыс маңына жете бергенде жол апатына ұшырады. 

Алматыда тежегіші істен шыққан жүк көлігі әп-сәтте темір үйіндісіне айналды – фото

Куәгерлердің айтуынша, тежегіші істен шыққан Shacman жүк көлігі бар жылдамдығымен келіп, қиылыста Nissan Maxima-ны соғып өтеді. Соққының күшті болғаны соншалық, жеңіл көліктің артқы бөлігі жапырылып қалады. Ауыр көлікті басқару мүмкіндігі жоғалғанын түсінген жүргізуші, жылдамдығы бәсеңдемесе де кабинадан секіріп түседі. Ал жүк көлігі инерциямен қозғалысын жалғастырады.

Алматыда тежегіші істен шыққан жүк көлігі әп-сәтте темір үйіндісіне айналды – фото

Шетке ығыстырылған Nissan жолдың қарсы бетінде тұрақта тұрған Audi-ді соққан. Жүк көлігі жол жиегінде тұрған әйелді қағып өткен соң, жарықтандыру бағаны мен темір қоршауды, бірнеше ағаш пен трансформатор қорабын қиратып, жер үйге жапсарласа салынған бастырманы қиратқан. Шатыры құлаған құрылыс нысанының астындағы Toyota Land Cruiser Prado көлігіне де зақым келген.

Алматыда тежегіші істен шыққан жүк көлігі әп-сәтте темір үйіндісіне айналды – фото

Жол апаты салдарынан үш адам: жүк көлігінің жүргізушісі мен жаяу жүргінші әйел және Nissan Maxima көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Түрлі деңгейде жарақат алған олар ауруханаға жатқызылды.

Оқи отырыңыз: Жүк көлігі самокат мінген жігітті басып кете жаздады – видео

Тежегіші істен шығып, қалпына келместей күйге түскен Shacman жүк көлігі осылайша әп-сәтте металл үйіндісіне айналды. Ал апаттың себеп-салдарын анықтаумен Алматы полициясы айналысауда.