Оқиға

Алматыда тежегіші істен шыққан жүк көлігі әп-сәтте темір үйіндісіне айналды – фото

© Sputnik / СтрингерГрузовик разорвало во дворе частного дома в ДТП на улице Дулати
Грузовик разорвало во дворе частного дома в ДТП на улице Дулати  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апатының салдарынан үш адам зардап шегіп, түрлі деңгейлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Тежегіші істен шыққан жүк көлігі жол жөнекей үш машинаға зақым келтіріп, жаяу жүргіншілер жолағында тұрған әйелді қағып кеткен. Сондай-ақ алдынан кезіккен бірнеше кедергілерді бұзып өтіп, жекеменшік тұрғын үй аумағына барып тоқтаған.

Алматыда Дулати көшесімен солтүстік бағытқа қарай келе жатқан жүк көлігі Ғаламат шағынауданына бұрылыс маңына жете бергенде жол апатына ұшырады. 

© Sputnik / СтрингерShacman жүк көлігі Nissan Maxima-ны соғып, жолдың қарсы бетіне шығарып жіберген.
Алматыда тежегіші істен шыққан жүк көлігі әп-сәтте темір үйіндісіне айналды – фото - Sputnik Қазақстан
Shacman жүк көлігі Nissan Maxima-ны соғып, жолдың қарсы бетіне шығарып жіберген.

Куәгерлердің айтуынша, тежегіші істен шыққан Shacman жүк көлігі бар жылдамдығымен келіп, қиылыста Nissan Maxima-ны соғып өтеді. Соққының күшті болғаны соншалық, жеңіл көліктің артқы бөлігі жапырылып қалады. Ауыр көлікті басқару мүмкіндігі жоғалғанын түсінген жүргізуші, жылдамдығы бәсеңдемесе де кабинадан секіріп түседі. Ал жүк көлігі инерциямен қозғалысын жалғастырады.

© Sputnik / СтрингерӘп-сәтте темір үйіндісіне айналған ауыр жүк көлігі.
Алматыда тежегіші істен шыққан жүк көлігі әп-сәтте темір үйіндісіне айналды – фото - Sputnik Қазақстан
Әп-сәтте темір үйіндісіне айналған ауыр жүк көлігі.

Шетке ығыстырылған Nissan жолдың қарсы бетінде тұрақта тұрған Audi-ді соққан. Жүк көлігі жол жиегінде тұрған әйелді қағып өткен соң, жарықтандыру бағаны мен темір қоршауды, бірнеше ағаш пен трансформатор қорабын қиратып, жер үйге жапсарласа салынған бастырманы қиратқан. Шатыры құлаған құрылыс нысанының астындағы Toyota Land Cruiser Prado көлігіне де зақым келген.

Ауыр жүк көлігі алдында тұрған кедергілердің бәрін жапырып өткен. Олардың қатарында трансформатор қорабы да бар.
Алматыда тежегіші істен шыққан жүк көлігі әп-сәтте темір үйіндісіне айналды – фото - Sputnik Қазақстан
Ауыр жүк көлігі алдында тұрған кедергілердің бәрін жапырып өткен. Олардың қатарында трансформатор қорабы да бар.

Жол апаты салдарынан үш адам: жүк көлігінің жүргізушісі мен жаяу жүргінші әйел және Nissan Maxima көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Түрлі деңгейде жарақат алған олар ауруханаға жатқызылды.

Оқи отырыңыз: Жүк көлігі самокат мінген жігітті басып кете жаздады – видео

Тежегіші істен шығып, қалпына келместей күйге түскен Shacman жүк көлігі осылайша әп-сәтте металл үйіндісіне айналды. Ал апаттың себеп-салдарын анықтаумен Алматы полициясы айналысауда.

Жаңалықтар
0