Қоғам

Нұр-Сұлтан әкімдігі газдың бекітілген бағасын жариялады

Бұған дейін қала әкімдігі астаналықтарға газдың текше метрінің бағасы 45 теңге шамасында болуы мүмкін екендігін ескеркен
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Табиғи монополияларды реттеу комитеті Нұр-Сұлтандағы ағымдағы жылыту маусымына арналған газ тарифін бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Астана филиалы тауарлық газдың Нұр-Сұлтанға арналған 1 текше метрі үшін 1 қарашадан бастап қосымша құн салығынсыз 30,9 теңге мөлшерінде (бір текше метрі үшін ҚҚС-мен 34,6 теңге) тарифін бекітті. Тариф бір жылға жарамды болады", – делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласының тұтынушылары үшін тауарлық газдың соңғы сату бағасын есептеу кезінде энергетика министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы №196 бұйрығымен бекітілген тауарлық газды көтерме сатудың қолданыстағы шекті бағалары ескерілді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда үйге газ кіргізу бағасы қанша теңге болады – әкім жауабы

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі астаналықтарға газдың текше метрінің бағасы 45 теңге шамасында болуы мүмкін екендігін жариялаған болатын.