Қоғам

Нұр-Сұлтанда үйге газ кіргізу бағасы қанша теңге болады – әкім жауабы

© Photo : Пресс-служба акимата Нур-СултанаВ Нур-Султане к газу подключили первые соцобъекты и дома
В Нур-Султане к газу подключили первые соцобъекты и дома  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде Көктал-1 кентінде 91 көшенің 88-іне газ желілері тартылса, Көктал-2-де 41 көшенің екеуі ғана қалған. Ал Агроқалашықтағы 94 көшенің 22 көшесіне газ тарту жұмыстары жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Сарыарқа ауданының әкімі Ерғали Егемберді жекеменшік бір үйге газ тарту шығыны қанша теңге болатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, аудан бойынша 200 шақырым газ желілерін тарту жоспарланған. Соның 101 шақырымы тартылды. Жергілікті билік газ құбырын үйге дейін салып береді. Ал көгілдір отынды ішке кіргізгені үшін үй иесінің өзі ақша төлейді.

"Біз газ желілерін барлық көшеге тартып береміз. Ал көшеден үйге дейін иесі өзі тартады. Оған қосымша газ құбыры мне жылыту пешін алуы қажет. Осының бәріне, шамамен, 300 мың теңгеден астам ақша кетеді. Әкімдіктің есебінен есептеуіш құралдары орнатылады", - дейді аудан әкімі Ерғали Егемберді.

Оның айтуынша, қазіргі кезде техникалық шарттар беріле бастады. Оны алу үшін Көктал-1, Болашақ көшесі, 4/2 мекенжайына бару керек.

Ресми ақпарат бойынша Көктал-1 кентінде 91 көше бар. Осы уақытқа дейін 88 көшеге газ желілері тартылды. Көктал-2-де 41 көшенің екеуі ғана қалды. Ал Агроқалашықта 94 көше бар. Алдағы уақытта 22 көшеге газ тарту жұмыстары жоспарланған. Бұл жоба бірнеше жылға есептелген.

Жалпы, осы кенттерде 10 230 жекеменшік үй бар. Биыл 5 мыңнан астам үйге газ тартылады деген жоспар бар.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан тұрғындары жарты миллион теңгеден қарыз екенін білді

Айта кетейік, тұтынушылар үшін газдың тарифі әлі бекітілген жоқ. Мамыр айында энергетика министрлігі көтерме тарифтің мөлшерін жариялаған. Оның көлемі – 1 000  текше метр үшін 24 537 теңге (қосымша құн салығын санамағанда).

Жаңалықтар
0