Фото

Үлкен шаhардың шамдары: коронавирус Еуропаның түнгі өмірін қалай өзгертті – фото

Sputnik

Дәстүрлі түрде кешкілік уақытын мейрамханаларда, пабтарда және түнгі клубтарда өткізетін Еуропа тұрғындары пандемия кезінде үйлері мен пәтеріне қамалуға мәжбүр болды.

Карантиндік шектеулер жеңілдетілген кезде, олар аздаған тыйым салуларға қарамастан, бұрынғы өмір салтына қуана қайта оралды.

Коменданттық сағат жарияланған түрлі елдерде түсірілген фотосуреттерде, маска кию мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау талаптары енгізілген пандемия кезіндегі кешкілік қала өмірі бейнеленген.

Оқи отырыңыз: Жұлдызды аспан: жер шарының әр түкпірінен түсірілген 10 таңғажайып сурет

Ал Қазақстанда кинотеатрлар мен мейрамханаларға, бассейндерге және фитнес-залдарға шектеулер енгізілген. Бұқаралық іс-шараларға тыйым салынған, ал спорттық және мәдени шаралар көрерменнің қатысуынсыз өткізіліп келеді.

1 / 14
Демалыс күндерінің алдында, коменданттық сағат енгізілгенге дейінгі Париждегі мейрамханалардың бірінің террасасында отырған ерлі-зайыптылар. Франция астанасында қазан айының ортасынан бастап коменданттық сағат жарияланды, ол төрт аптаға дейін созылады.
2 / 14
Мейрамхана қожайыны Римдегі Трастевер ауданында орналасқан бос мекемедегі үстел басында отыр, мұнда да коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында шектеу шаралары қарастырылған. Римде қосымша шектеулер енгізілді. Түн ортасында мейрамханалар мен барлар жабылады. Тамақтану орындарында алтыдан астам адам бір үстел басында отыра алады. Басқа көптеген мекеме кешкі алтыға дейін жұмыс істейді.
3 / 14
Қорғаныш маскасын киген бармен Мәскеудегі "Стрелка" барында коктейль жасап жатыр. Мәскеу коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша Ресейде бірінші орында тұр. Соңғы уақытта вирустың тіркелу көрсеткіші артып келеді. Қалада жұқтырудың 419 196 жағдайы тіркелді, оның ішінде соңғы тәулікте 5 268 адамда коронавирус індеті анықталды.
4 / 14
Бухарест көшесінде Бэтменнің киімін киген адам скутермен сырғанап келе жатыр. Бухарест коронавируске байланысты жағдай нашарлағандықтан, мейрамханаларды, ойын-сауық орындарын жауып, барлық оқушыларды қашықтықтан оқу режиміне ауыстыруда.
5 / 14
Ыстамбұлдағы Таксим алаңына жақын жердегі мейрамханалардың, кейбірінің көп үстелі бос қалған бірқатар тамақтану орындарының көрінісі. "Біз бірінші толқынның екінші шырқау шегін бастан өткеріп жатырмыз. Эпидемия өсіп барады", – деді Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа.
6 / 14
Монах әйел Прагадағы бос қалуға шақ қалған ескі қала алаңдағы астрономиялық сағаттың жанынан өтіп бара жатыр. 28 қазаннан бастап Чехия үкіметі коронавирус инфекциясының көбеюіне байланысты азаматтардың кешкі 21:00-ден таңғы сағат 5:00-ге дейін еркін жүруіне тыйым салатын коменданттық сағат енгізді.
7 / 14
Лондондағы Олд Комптон-стриттің жаяу жүргіншілерге арналған бөлігінде бетперде киген даяшылар өз клиенттеріне қызмет көрсетіп жатыр. Лондондағы жағдай да нашарлап барады. Бұл қала Үкіметтің қауіпті қалалар тізіміне енгізілген. Лондон мэрі Садик Хан Лондонның бетбұрысты кезеңді бастан өткеріп жатқанын мәлімдеді.
8 / 14
Франкфурттегі Альт-Заксенхаузен ауданындағы мерекелік кешке арналған бардың алдында жалғыз ер адам отыр. 10 қазаннан бастап дүкендердің, барлардың, мейрамханалар мен түнгі клубтардың жұмысына сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін тыйым салынды. Осы уақыт аралығында үй-жайларда ғана емес, ашық жерлерде де бес адамнан артық адамдардың шоғырлануына тыйым салынған.
9 / 14
Адамдар Белградтың орталығындағы лық толы кафелер мен клубтар орналасқан көшеде кетіп барады. Бұл ел жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отырған жоқ. Мұны Сербияның басқа еуропалық мемлекеттерден айырмашылығымен – локдаунды толық енгізуге жол бере алмайтындығымен және өз экономикасы мен жұмыс орындарын сақтап қалуы қажеттігімен түсіндіріп отыр. Ел президенті Вучич карантиннің мемлекет "қатты тұйыққа тірелген" жағдайда ғана енгізілетіндігін атап өтті.
10 / 14
Адамдар Берлиндегі Музей аралының колоннадаларында Харальд Хертельдің Jam Swingers би кешіне жиі барады. 10 қазанда сағат 00:00-ден бастап Берлинде түнгі уақытта алкогольді өнімдерді сатуға тыйым салынған, ал мейрамханалар мен барлар 23:00-ден кешіктірілмей, жабылуы қажет.
11 / 14
Римдегі Кампо-де-Фьоридегі бос қалған мейрамхананың сыртында танымал мейрамханалар мен пабтардың жабылуына наразылық білдіретін белгі ретінде кресттің суреті ілініп тұр. Италия полициясы Римнің орталығында наразылық білдірушілерді тарату үшін су бүріккіш құрылғыларды қолданды. Рим тұрғындары Италия үкіметінің коронавируспен күрес жүргізу мақсатында қабылдаған жаңа шараларына қарсы митинг өткізді.
12 / 14
Жаяу жүргіншілер Барселонадағы Лас-Рамблас бульвары бойымен жүріп келеді. Бұл жерлердегі террассалар, мейрамханалар мен барлар жабық. 2020 жылдың жазында Барселона шетелдік саяхатшыларды қайта қабылдай бастады, бірақ қыркүйек айына қарай туристік ағын былтырғы жылмен салыстырғанда 77%-ке төмендеді. Қазір Испания COVID-19-дың екінші толқынын бастан кешіруде, бұл туризм секторының жұмысын одан әрі қиындатып отыр.
13 / 14
Жүрек бейнесіндегі қызыл шар Амстердамдағы бос қалған Қызыл шамдар ауданында әлеуметтік қашықтық сақтауға шақырып тұр.
14 / 14
Әртіс Бухаресттің ескі ауданындағы мейрамханаларда отырған адамдар алдында өнер көрсетіп жатыр.